Балқаштық футболшылар Қазақстан чемпионатында үздік атанды

Балқаштық футболшылар Шымкентте өткен Қазақстан чемпионатында үздік атанды. Турнирдегі үш атаулы номинацияның үздік шабуылшы және үздік қорғаушы аталымдарын еншіледі. Жерлестеріміз аяқ доп жарысына Қарағанды облысы құрамасы атынан шыққан. Спортшылар додасына Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан ең мықты деген командалар қатысқан. Үздік кубокқа 16 құрама топ таласқан. Облыс құрамасында қаламыздағы «Металлург» спорт кешенінің жас футболшылары Алдияр Амангелді мен Әли Ақылбаев өнер көрсетті. Қарағанды құрамасы жарыста Қостанай, Павлодар, Жамбыл және Маңғыстау облыстарынан басым түскен. Финалдық кезеңде Алматылық қарсыластарын шаң қаптырып, бірінші орын иеленген. Команда сапындағы Алдияр Амангелді «Үздік шабуылшы», ал Әли Ақылбаев «Үздік қорғаушы» атанды.

Әли Ақылбаев — футболдан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы:«Кейбір ойындар қиын болды, кейбіреулері оңай болды. Соның ішінде Алматы ойыны қиын болды. Финалда Алматымен шықтық. 1 де 1 сосын серия пенальтидан 4 те 1 есебімен жеңдік».

Алдияр Амангелді – футболдан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: «Мен футболмен 2 жыл айналыстым. Чемпионатта 6 гол соқтым. Павлодар облысына, Жамбыл облысына, Маңғыстау облысына. Ойындар қиын болды, мен бар күшімді салып ойнадым».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login