Балқашта күйшілер байқауы өтеді

Бабалар аманаты-қасиетті домбра! Осындай атаумен балқашта күйшілер байқауы өтеді. Сайыс  шілде айының бірінші жексенбісінде тойланатын домбра күніне орай ұйымдастырылады. Қатысушылардың жас шамасына шектеу қойылмаған.  Балаллардан бастап қарттарға дейін қатыса алады. Байқаудың шарты бойынша 1 шертпе 1төкпе күй орындаулары тиіс. Сайысқа қатысу үшін мәдениет сарайындағы мәдени сауық орталығына барып өтініш жазу қажет. Кейін шілде айының соңғы жексенбісінде күйшілер арасында сайыс ұйымдастырылады. Үздіктері анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Айдана Сайлау — мәдени-сауық орталығының әдіскері: «Жас ерекшелігі шектелмейді. Өтініштерді осы мәдениет сарайында 19 кабинетке келіп өткізесіздер». Жүлделі орындарды анықтағанда жас ерекшелігіне, орындау шеберлігіне, сахналық мәдениеті, сахналық киіміне мән беріледі».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login