Балқашта жасыл желекті зиянкестерден қорғау жұмыстары жүргізілуде

Балқашта жасыл желекті зиянкестерден қорғау жұмыстары жүргізілуде. Әуелі қала көшелеріндегі ағаштар, одан соң орталық саябақ пен қала ішіндегі шағын гүлзарлар залалсыздандырылмақ. Бүгін Иванов көшесіндегі ағаштарға жапырақ жегіш қоңыздар мен түрлі зиянкестерден қорғау үшін химиялық ерітінді  себілді. Бұл көше  залалсыздандыру кестесіндегі соңғы көше болып табылады. «Димилин» химиялық дәрісі мектеп пен балабақша ауласындағы жасыл өскіндерге себілген. Келесі кезекте саябақ пен шағын гүл бақтары.

Мамандардың айтуынша биылғы жылы зиянкестер қарасы көрінбейді. Бұл жыл сайынғы химиялық дәрі себудің нәтижесі. Ағаштар зиянкесі тарап кетпес үшін, алдын алу процедурасы шілде айында тағы да жүргізілмек. Қала бойынша 40 гектар аумаққа дәрі себіледі. бүгінде 20 гектар профилактикадан өтті. Қалған учаскені келесі аптада аяқтау жоспарлануда.

Азат Ахмолдаев – өсімдіктерді қорғау жөніндегі инспектор: «Мамыр айының соңында, маусым айының басында қаламызда көбелектердің, мысалға, репейница шалғын көбелектері пайда болды. Қанқыздары пайда болды.Осындай тосыннан келген зинкестерден қорғану үшін, қалада химиялық өңдеу шаралары жүргізіледі. Қазіргі таңда өсімдік зиянкестерінен келетін зиян, зиян келтірудің экономикалық шегінен асқан жоқ».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login