Балқаш жаңалықтары 20.06.2019

  1. 21 маусым күні балқаштық түлектер ҰБТ тапсырады. Сынақ жылдағы дәстүр бойынша №7 мектеп гимназиясында өтеді. 7 аудитория әзірленген. Әр сыныптың маңында ұялы байланысты бәсеңдеткіш құрылғылар орнатылған. Биыл мұндай жаңа 8  аппарат алыныпты. Одан бөлек  тестілеу кезінде тәртіп бұзылмас үшін 30 айпи камера қойылған. 293 түлек жоғарғы оқу орнына түсу үшін ҰБТ тест тапсырады. Оның ішіндегі 222 оқушы балқаштан, қалғандары Ақтоғай ауданы мен Приозерск қаласынан. Тестілеу сағат  таңғы 9 да басталып, 3 сағат 50 минутқа созылады
  2. Жұмысшылар кентіндегі қараңғы 4 көшеде биыл жарық пайда болады. Барлығына 120 бағана орнатылады. Қазіргі таңда Гоголь көшесінде мамандар орын дайындауға кіріскен. Ол үшін алдымен тереңдігі 1,5метр жер қазылады. Кейін бағана қойылып, жан жағы бекітіледі.  Көшені жарықтандыру үшін электр энергиясын үнемдейтін жарықдиодтты шамдар қолданылады.
  3. Балқаштықтардың күн сайын су жаңа смартфон ұтып алуға мүмкіндіктері бар. Елімізде «Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал» ақциясы жалғасуда. Жүлдеге ие болу үшін, тауар алғанда, қызмет көрсетілгенде міндетті түрде түбіртек сұрау қажет. Ұялы телефоныңызға «Таңдау» мобильді қосымшасын орнатып, тіркеуден өткен соң, пайдаланушы акцияға қатысуға келісімін растауға міндетті. Одан кейін қосымша көмегімен чектегі қажетті деректерді еңгізіп, жеке кабинетте сақтайсыз. Түбіртектер санына шектеу қойылмаған
  4. Алкоголь өнімін сатушылар осы айдың 25-не дейін лицензия ақысын төлеулері қажет. Өйтпеген жағдайда ішімдік сату құқығынан айырылады. Қазір Балқаш қаласында алкоголь өнім сататын 183 кәсіпкер бар. Алайда соның 84 ғана лицензия ақысын өтеген. Қалғандары мерзімнің аяқталуына бар болғаны 5 күн қалса да асығар емес. Дүкен иелері ішімдік сату үшін жылына 252 мың теңгеге, ал көтерме саудамен айналысатындар 505 мың теңгеге лицензия алулары қажет. Бұл соманы жылына 4 ке бөліп төлеуге болады. Наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан айларының 25-не дейін
  5. 120-дан астам балқаштық отан алдындағы міндетін өтеуге аттанды. Тағы 30 балқаш тұрғыны осы айдың соңына дейін ұлттық ұлан сарбаздарының қатарына қосылады.  Әскерге аттанған 120 адамның 27-і шекара қызметіне жолданса, үшеуі мемлекеттік күзет қызметіне жіберілген. 56 балқаштық қорғаныс министірлігінің сапында өз міндетін өтеуде. Маусым айының соңына дейін тағы 27 сарбаз ұлттық ұлан қатарына қабылданады. Бұған дейін онда 38 адам жіберіледі. Жалпы осы көктемде 18 бен 27 жас аралығындағы 2000 балқаштық әскерге шақырту алған. Нәтижесінде 90 адам жарамсыз деп танылды.
  6. 23 маусым ҚР Ішкі Істер қызметкерлерінің төл мерекесі. Осыған орай біздің түсірілім топ Балқаш қалалық Ішкі Істер бөлімінде жұмыс атқарып жүрген жандармен кездесіп қайтты. Қоғамдық тәртіпті сақтап, қауіпсіздіктің алдын алатын, мемлекеттік заңның бұзылмауын қадағалайтын жандар қызметінің қиындығы қандай? Толығырақ бейнематериалда

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login