Балқаштардың су жаңа смартфон ұтып алуға мүмкіндіктері бар

Балқаштардың  күн сайын су жаңа смартфон ұтып алуға мүмкіндіктері бар. Елімізде «Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал» ақциясы жалғасуда.  Жүлдеге ие болу үшін бірнеше ғана талапты орындасаңыз болғаны. Біріншіден тауар алғанда, қызмет көрсетілгенде міндетті түрде түбіртек сұрау қажет. Екінші шарт ұялы телефоныңызға «Таңдау» мобильді қосымшасын орнату керек. Тіркеуден өткен соң, пайдаланушы акцияға қатысуға келісімін растауға міндетті. Одан кейін қосымша көмегімен чектегі қажетті деректерді еңгізіп,  жеке кабинетте сақтайсыз. Түбіртектер санына шектеу қойылмаған. Қатысушылар арасында күн сайын 1 смартфон ойнатылады.  Жеңімпаздар кездейсоқ сандар генераторы арқылы таңдалады. 1 мамырда басталған акция 8 тамызға дейін созылады. Яғни смартфон ұтып алуға әлі де уақыт  бар.

Ануар Серікжанов – Мемлекеттік кірістер басқармасының жетекші маманы: «Акция 18 жастан бастап кез келген қазақстан республикасының азаматы қатыса алады. Акцияға кез-келген елді мекеннен қатыса беруге болады. Акция кезінде күн сайын 1 смартфон ойнатылады. 100 күнде 100 смартфон ойнатылады. Балқаш қаласының тұрғындарын  осы акцияға қатысуға шақырамыз!»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login