Балқаш жаңалықтары 19.06.2019

  1. Балқашта құрылысқа қатысты шу шықты.  Құрылысшылар  өсіп тұрған жасыл желекті кесіп, ауланың әп сәтте ойран топанын шығарған. Мұны көрген тұрғындар әкімдікке хабарласып,  мән жайды түсіндірулерін талап еткен. Барлық жауапты мамандар жиналып, Ленин көшесі 78А  үйдің пәтер иелерімен кездесті. Толығырақ бейнематериалда
  2. Балқаштықтар белсенділік танытып, ерікті түрде қан тапсырды. Таңғы 9-дан бастап донор  болу үшін кезекке тұрды. Ал облыстан келген мамандар әр келушінің денсаулығын тексеріп, тек сау тұрғындарды ғана қан тапсыруға жіберді
  3. Балқаштық көпбалалы аналар кәсіп ашу үшін, бизнестің қыр-сырын меңгеруде. Болашақ бизнесвумендерге арнап  «Атамекен»  ұлттық кәсіпкерлер палатасы семинар өткізуде. Онда қазір 12 көпбалалы  ана «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша  кәсіпкерліктің негіздерін оқуда. Ол үшін Астанадан «Атамекен»  ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнес жаттықтырушысы келген. Оқу бір айға созылады. Осы уақыт аралығында семинарға қатысушылар бизнес жоспар жазуды және бизнес идеясын табыс көзіне айналдыру жолдарын үйренеді
  4. Балқашта жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы дауды сотқа жеткізбей медиация әдісімен  шешу жолдары түсіндірілді. Ол үшін шаһарға облыстан  арнайы медиаторлар келіп, жұмыс берушілерге  тренинг өткізді. Кездесу «Рухани жаңғыру» жастар орталығында өтті. Оған түрлі саладан келген 20-ға жуық жұмыс беруші қатысты
  5. 21 маусым күні  сағат 15:00-де жұмыспен қамту орталығы мәдениет сарайының алдында бос орындар жәрмеңкесін өткізеді. Шараға 20-дан астам жұмыс беруші қатысып,  500-ден астам бос жұмыс орнын ұсынбақ. Жәрмеңкеде тұрғындар өзіне керекті қызмет бойынша сол жерде алдын ала әңгімелесуден өтіп, түйіндемесін қалдыра алады
  6. Астана күніне орай қалада коляскалар парады өтеді. Оған кез келген қала тұрғыны қатыса алады. Қазір ниет білдірушілерден өтініш қабылдау басталды. Бесік арбалар шеруі 6 шілде күні кешкі сағат 17:00-де Желтоқсан көшесінде өтеді. Қатысу үшін ата-аналар баласының арбасын ерекше етіп безендіріп, онымен мейрамға келуі керек. Өтініштер 1 шілдеге дейін мәдениет сарайында 24  кабинетте қабылданады
  7. Осы аптада бүкіл әлем бүгінгінің трендіне айналған селфи күнін атап өтеді.  Белгілі болғандай, алғашқы  автопортреттер 20 ғасыр соңында фотоапарат пен  айнаның  көмегі арқылы жасалып, халық арасында таныла бастаған. Ал,  балқаштықтар селфиге түсуді қаншалықты ұнатады?  Қандай атақты адамдармен суретке түскен?

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login