Балқаштықтарды «Street Workоut» турниріне қатысуға шақырады

Балқаштықтарды «Street Workоut» турниріне қатысуға шақырады. Жарысқа ниеті бар барлық тұрғындар қатыса алады. Өтетін жері мәдениет сарайының артындағы воркаут алаңы.  Қатысушыларға қойылатын талап жастар 14 пен 29 жас аралығында болуы тиіс. Олар онда түрлі жаттығулар жасап, өзара сайыс ұйымдастырады. Соңында жеңімпаздар анықталып, үздіктерге сыйлыққа ие болады. Турнир кешкі сағат жетіде басталады. Алайда тіркелу үшін жарты сағат бұрын келу керек.

Жанғали Амантаев – жастар ресурстық орталығының маманы:«Әр сайыста бірінші, екінші , үшінші орындарды марапаттаймыз. Бағалы сыйлықтар болады. Қаламыздағы стрит ворк аутпен айналысатын мастер класс көрсетемін деушілерді турнирге шақырамыз.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login