Балқаш жаңалықтары 18.06.2019

  1. Адам қаққан жүргізушіге 100 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Ер адам жаяу жүргінші жолағымен  өтіп бара жатқан әйелді  байқамай соғып өткен. Нәтижиесінде жапа шегуші түрлі жарақатпен ауруханға түседі. Оқыс жағдай сәуір айында кешкі 9 дар шамасында болған. Қараменде би көшесімен 17 орамға бағыт алған Лада көлігінің тізгінінде  66 жастағы қала тұрғыны отырыпты. Жүргізуші жаяу жүргінші жолағында өтіп бара жатқан тұрғынға жол беріп, қозғалысын жалғастыра бергенде оң қапталдан келе жатқан өзге жүргіншіні байқамай қалған. Соққы салдарынан әйел адам  есін жоғалтып жерге құлайды. Содан  жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Кейін жүргізуші зардап шегушінің материалдық шығынын өтеп, сотта ол өз кінәсін мойындаған. Сол күні қатты жауын болғандықтан, әйелді байқамай қалғанын айтып ақталған. Сот шешімі бойынша 66 жастағы жүргізушіге 100 мың теңгеден астам айыппұл салынды
  2. Балқаштықтарды қан тапсырып, адам өмірін арашалап қалуға шақырады. Ертең қалада донор күні өтеді. Ол үшін облыстық қан орталығынан  арнайы мамандар шақыртылды. 16 жастан асқан кез келген дені сау қала тұрғыны донор бола алады. Қан тапсыру үшін ертең жеке куәлікпен Орталық ауруханаға келу қажет. Мамандар тұрғындарды таңғы 9 дан бастап кешкі 4 ке дейін қабылдайды.  Донордан 450 миллилитр қан алынып, тұрғынға алғыс ретінде 600 тг астам қаржы төленеді. Одан бөлек, донорға жұмыстан 2 күнге босату жөніндегі анықтама беріледі.
  3. Тұрғындар  үшін емханаға бармай ақ денсаулықтарын тексертуге мүмкіндік туды.  Ертең  ақ халаттылар «Біз денсаулықты таңдаймыз» акциясын ұйымдастырады.Ленин көшесі 98 үйде орналасқан сауда орталығының бірінші қабатында дәрігерлер тұрғындарды қабылдайды. Қан қысымын өлшеп, қандағы қант және холестерин деңгейін анықтайды. Одан бөлек жалпы тәжірибе дәрігері, психолог, салауатты өмір салтын қалыптастырушы маман тегін кеңес беріп, әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша сұрақтарға жауап береді. Ал сауда орталығының алдында жастар флешмоб билеп, медиктер алғашқы көмек көрсету бойынша мастер класс көрсетеді. Акция сағат 11 ден бірге дейін өтеді.
  4. Балқаштық полиция бөлімі бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды. Ішкі істер бөліміне бүгінгі таңда 8 маман қажет. Атап айтсақ, патрульдік полиция ротасына 2 полицей мен 1 жүргізуші қабылданады. Қойылатын талапқа тоқталсақ, жасы 18  бен 35 жас аралығындағы, ҚР Қарулы күштерінде әскери борышын өтеген,арнайы орта білімі бар азаматтар болуы тиіс. Ал заңгерлік жоғары білімі бар 2 маманға қаржымен қамтамасыз ету тобына жұмысқа тұруға мүмкіндік бар. Одан бөлек көші қон полиция қызметіне жетекші маман керек. ІІБ кеңсесіне де жетекші және бас мамандар қажет.
  5. Балқаштықтарды StreetWorkоut турниріне қатысуға шақырады. Жарысқа ниеті бар барлық тұрғындар қатыса алады. Өтетін жері мәдениет сарайының артындағы воркаут алаңы.  Қатысушыларға қойылатын талап жастар 14 пен 29 жас аралығында болуы тиіс. Олар онда түрлі жаттығулар жасап, өзара сайыс ұйымдастырады. Соңында жеңімпаздар анықталып, үздіктерге сыйлыққа ие болады. Турнир кешкі сағат жетіде басталады. Алайда тіркелу үшін жарты сағат бұрын келу керек.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login