Балқаш жаңалықтары 12.06.2019

  1. Елордада  жаңадан сайланған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. Тәуелсіздік сарайында өткен инаугурацияда Президент халық алдында ант берді. Естеріңізге сала кетейік, кезектен тыс Президент сайлауы 9 маусымда өтті. Оған халықтың 77,4 пайызы қатысты.  Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасына  алты жарым миллион халық  дауыс беріп, нәтижиесінде ол 70 пайыз көрсеткішпен  жеңіске жетті
  2. Балқашта 500-ге жуық бос жұмыс орны бар. Әсіресе жеке меншік компаниялар жұмысқа қабылдауда белсенділік танытып отыр. Оларға көбінесе тас қалаушы, электромонтер, есепші, экономист, күзетші секілді жұмыскерлер қажет. Ұстаздар мен дәрігерлер де сұраныста. «Балқаш Су» және «Балқаш Энерго» секілді коммуналдық мекемелер қаржыгерді, есепшіні, электромонтерларды және слесарды жұмысқа алады. Одан өзге жеке меншік компаниялар түрлі қызметке тұрғындарды жұмысқа қабылдауда. Толық мәліметті жұмыспен қамту орталығынан біле аласыздар
  3. Медицина қызметкерлері күніне арналған арнайы шығарылымымызды жалғастырамыз. Кейіпкеріміз қалалық ауруханадағы хирургия бөлімінің санитары Әсемгүл Тұрышева. Хирург пен медбикенің оң қолы
  4. Қостанайда өткен республикалық шығармашылық фестивальде балқаштық оқушы күміс жүлде иеленді. Оқушылар сарайының тәлімгерлері Аруана қысқа метражды фильм түсіріп,  2-ші орынға ие болды. Ал Нұрасыл Мадияров сертификатқа ие болды. Қостанай төрінде өткен фестивальге түрлі номинация бойынша 145 бала қатысқан, оның 9-ы Қарағанды облысынан келген
  5. Марафонға қатысуға тіркелу басталды. Ол үшін спорт және денешынықтыру бөліміне барып, құжаттарыңызды өткізу қажет. Өзіңізбен бірге жеке куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі және диспансерлік есепте тұрмайтыныңыз туралы анықтама болуы керек. Егер үлгермесеңіз онда 14 маусым марафон өтетін күні тіркелуге болады. Мәдениет сарайының артқы алаңында таңғы 7-ден бастап 9-ға дейін қатысушыларды тізімге енгізу жүргізіледі. Ал жүгіріс 10:30 басталады
  6. Балқашта «Үміт жолы» мектеп бітіру кеші өтті. Салтанатты шара түлектердің балалық шақпен қош айтысып, үлкен өмірге аяқ басқанын білдіреді. Ендігі мақсат ЖОО орнына түсіп, студент атану. Алайда қателеспеу үшін қандай мамандықты таңдаған жөн?  Осы сауалмен тілшілеріміз халық арасына шығып, тұрғындардың пікірін біліп қайтты

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login