Ертеңнен бастап жартылай марафонға қатысушыларды тіркеу басталады

Марафонға қатысуға ертеңнен бастап тіркелуге болады. Ол үшін спорт және дене шынықтыру бөліміне барып, құжаттарыңызды өткізу қажет. Өзіңізбен бірге жеке куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі және диспансерлік есепте тұрмайтыныңыз туралы анықтама болуы керек. Соңғысын емханадан терапевт дәрігерден аласыз. Ал қалалық спорт бөлімі Уалиханов көшесі 5 ғимаратта, 2 қабатта, 15 кабинетте орналасқан. Құжаттарыңызды өткізгеннен кейін сізге нөмер беріледі. Егер үлгермесеңіз онда 14 маусым марафон өтетін күні тіркелуге болады. Мәдениет сарайының артқы алаңында таңғы 7 ден бастап 9 ға дейін қатысушыларды тізімге енгізу жүргізіледі. Ал жүгіріс 10:30 басталады. Марафоншылар Желтоқсан, Спицын, Ленин және Байсейтова көшелерінің бойымен жүгіреді. 17 жасқа дейінгі оқушы қыздар мен ұлдар 5 км, 18 бен 21 жас аралығындағы жігіттер мен бойжеткендер және 40 жастан асқан әйелдер 7 км бағындыруы тиіс.  Ал 21 мен 39 жасқа дейінгі әйелдер 10 км, ерлер 15 км еңсеруі керек. Мәреге бірінші болып жеткен алғашқы 5 адам қаржылай сыйға ие болады.

Ізбасар Шакенов- қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің жетекшісі: «Тіркелген кезде жүгіру нөмерін алады. Сол нөмермен жүгіреді. Сағат 10-да ашылу салтанаты. 10:30 жүгіріс басталады. Барлығы бірдей жүгіреді. 5 орынға дейін марапатталып, сертификат, ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификат беріледі.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login