Балқаштық оқушы республикалық фестивальден жүлделі оралды

Қостанайда өткен республикалық шығармашылық фестивальде балқаштық оқушы күміс жүлде иеленді. Оқушылар сарайының тәлімгерлері Аруана қысқа метражды фильм түсіріп,  2-ші орынға ие болды. Фестивальде бейнероликтер әлеуметтік жарнама, деректі фильм, анимация, киножурнал, ералаш,  музыкалық фильм және ойын киносы номинациялары бойынша бағаланды. Балқаштықтар соңғы 2  номинацияда бақтарын сынады.  Нәтижесінде Аруана Малик  2 орынды иеленді. Ал Нұрасыл Мадияров сертификатқа ие болды. Қостанай төрінде өткен фестивальге түрлі номинация бойынша 145 бала қатысқан, оның 9-ы Қарағанды облысынан келген.

Нұрасыл Мадьяров – оқушылар сарайының тәлімгері: «Қостанай қаласына 6 маусым күні бардық. Ол жерде бізге өте қатты ұнады. Біз қарағанды облысы болып 9 адам бардық. Және де әр түрлі номинациямен. Менің номинациям музыкалды клип болды». Болашақта көбінесе комедия жанрын түсіргім келеді».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login