##i-vengo banner

Балқаш жаңалықтары 11.06.2019

  1. Мас күйінде рөлге отырған балқаштық бір ай уақытын темір тордың ар жағында өткізеді. Заң бұзушылық тіркелгенде ер адамда жүргізуші куәлігі болмаған. Сот отырысында тұрғынның бұған дейін ішімдік ішіп, көлік жүргізгені және сол үшін 2013 жылы жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталады. Нәтижесінде судья оны кінәлі деп тауып, 30 тәулікке қамау туралы шешім шығарды
  2. Биылдан бастап балқаштық бүлдіршіндер 1 сыныпқа электрондық жүйе арқылы қабылданады. Яғни ата ана баласын мектепке беру үшін базаға тіркелуі қажет. Алайда кейбір оқу ордаларында қабылдау тоқтатылған.  Сонда қайпек керек? Ол жайында бейнематериалда
  3. Балқаштық екі кәсіпкерге кәсібін дамытуға 19 млн тг берілді. Бизнесмендер бұл қаржыға  «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша қол жеткізді.  «Еңбек» мемелекетік бағдарламасы бойынша  қаржы  6 жылға дейін 6 пайызбен беріледі. 16 млн теңгеге дейін несие рәсімдеуге болады. Бұл бағдарламаға тек балқаштықтар ғана емес Гүлшат, Саяқ кетінің тұрғындары да қатыса алады. Ең басты шарт кепілге қоятын мүлік  болуы тиіс
  4. Маусымның үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлерінің  кәсіби мерекесі аталып өтіледі. Осы датаға орай арна ұжымы ақ халатты абзал жандардың тыныс тіршілігінен сюжеттер топтамасын даярлады. Кейіпкеріміз акушер гинеколог Татьяна Шаталова.  Маман бұл қызметке қалай келді?  Қандай арманы бар еді? Бұл сауалдың жауабын  тілдесіп қайтқан тілшіміз біліп келді
  5. Балқашта «Үміт жолы» мектеп бітіру кеші өтеді. 12 маусым күні 270 мектеп бітіруші түлек осы жерде мектеппен, балалық шақпен қош айтысады. Биыл қаламыз бойынша 12 түлек оқу ордасын «Алтын белгіге» бітіреді. Ал үздік аттестат иегерлері төртеу. «Үміт жолы» кешінде 200-ге жуық өнерпаз музыкалық номер мен флешмоб ұйымдастырады. Кештің басталуы сағат 20.00-де
  6. «Дверь лайн» дүкені жаңа кең ғимаратқа көшті. Соған байланысты тауар ассортименті көбейді. Қазір сатылымда есіктер мен ламинаттардың және керамикалық плиткалардың түр түрі бар. Таңдау көп.  Ал сапа  жоғары.  Керегіңізді білікті мамандар таңдауға көмектеседі.  Тіпті 3D форматта көрсетеді
  7. Балқашта скандинавиялық жүріспен жүру клубы ашылды. Мұндай спорттың ерекше түрін қаламыздағы №1, 2 емхана емделушілері қолға алып отыр. Жүрістің ерекшелігі қолыңызға кәдімгі шаңғышыдай таяқша ұстап жүресіз. Денсаулыққа пайдасы да зор екен

_______________________________

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login