Балқаш жаңалықтары 10.06.2019

  1. 50 мынан аса балқаштық сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Демалыс күні Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Қазақ елі Тәуелсіздік алғалы бері осымен 6-шы рет Мемлекет басшысын сайлады. Биылғы науқан басқалардан ерекше. Себебі Қазақстан тарихында алғаш рет әйел адам Президенттікке үміткер атанды. Ал Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірінші рет бұл сайлауға қатыспады
  2. Елімізде бірінші шілдеден бастап мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған ата-аналардың жәрдемақысы өседі.  Жолда жүру ережесі бойынша емтихан ХҚКО орталығында қабылданады. Темекі қымбатап, ең арзаны 400 тг дейін көтеріледі. Қазақстандықтарды келесі айда тағы  қандай өзгерістер күтіп тұр. Ол жайында бейнематериалда
  3. Қаламызда 15 маусымда «Balkhаsh sky» деген атаумен әуе жыландарының фестивалі өтпек. Шараға үлкендермен қоса балалар да қатыса алады.  Тек өздерімен бірге қолдан жасалған немесе сатып алынған әуе жыландарын әкелуі тиіс. Фестиваль 15 маусым яғни сенбі күні өткізіледі. Тіркеу көл жағалауында сағат 16.00-де басталады
  4. Балқаш тұрғыны ара өсіріп, таза бал алуды қолға алды. Жұмағазы Мұқамеджанов Түркістан облысынан 1500-ден аса ара әкелген. Жәндіктердің ұясы саяжайында орналасқан
  5. Металлург футбол командасы сырт алаңда жеңіске жетті. Балқаштық футболшылар Пришахтинск қаласында «Сұңқар» командасымен матч өткізді. Кездесу 4-0 есебімен Металлургтың пайдасына шешілді. Алғашқы голды12 минутта Нұрдос Абдрахманов соққан. 1 таймныңсоңына дейін жерлестеріміз қарсыластарының қақпасына тағы бір доп енгізді. Ал 2 таймда Сұңқар командасы тағы екі доп өткізіп алды. Осылайша Балқаш Пришахтинскті 4-0 есебімен ұтты

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login