##i-vengo banner

Балқаш жаңалықтары 06.06.2019

  1. Елімізде 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Бүгінде саяси аламанға түсетін 7 кандидаттың үгіт-насихат жұмыстары қызу өтуде. Үміткерлер мен олардың сайлауалды штабының өкілдері еліміздің өңір-өңірін аралап, сайлаушыларға бағдарламарын таныстырып жүр
  2. Балқашта электр энергиясының ақысы төмендеді. Жарық бағасы Елбасының тапсырмасы бойынша арзандап отыр. Фирма жарықтың бағасын арзандату өтінішімен табиғи монополияларды реттеу департаментіне шыққан. Өтініш сәуір айында қанағаттандырылып, 1 мамырдан бастап  тариф төмендетілді
  3. Балқашта аулаларды аббаттандыру басталды. Қазір биыл тізімге енген мекен жайларда асфальттау, жарықтандыру, брюсшатка төсеу секілді жұмыстар жүргізілуде.  Ал тізімге қандай аулалар енді? Қай жерлер көрікті орынға айналады? Толығырақ бейнематериалда
  4. Балқашқа Қарағандыдан білім саласын бақылау департаментінің мамандары келді. Олар мектептер мен балабақша директорлары, мұғалімдер мен тәрбиешілердің басын қосып, білім саласындағы жаңа заңнамалар мен өзгерістер жайында сөз қозғады
  5. Балқаштық оқушылар құтқарушылардың жұмысымен танысты. Балалар сүңгуірдің қалай суға түсетінін қызықтап, судан құтқару көліктерін тамашалады

_________________________________________

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login