Балқаш жаңалықтары 05.06.2019

  1. Балқаш қаласының әкімдігі немқұрайлық танытып, жөндеу жұмысын сапасыз жасаған мердігер компаниялармен соттаспақ. Мердігерлер  ауладағы және мәдениет сарайының артындағы саябақтың сынған жерлерін қайта қалыпқа келтіріп, көшелардегі брусчаткаларды жөндеу керек болған. Алайда, іске келгенде салғырттық танытып отыр. Бүгін қала әкімінің орынбасары Саят Әбеу мердігер компания басшыларын жинап, жөнге салды
  2. 3 жастағы Жанель Тұрсынғанға дертін жеңу үшін көмек қажет. Кішкентай бүлдіршін қатерлі ісікке шалдыққан. Ата-анасы баласын Түркияға апарып емдетпек. Алайда қаржының жетіспеушілігі қол байлау болып отыр. Жанель қазір 3.5 жаста. 2 жасында  іші үлкейіп, үнемі температурасы көтеріле бастаған. Басында жергілікті дәрігерлер бүлдіршінді рахид диагнозымен емдеген. Кейін узи тексерісінен өткенде балаға 4 сатыдағы іш құрылыс нейробластомасы деген диагноз қойылады
  3. Балқаштық оқушыларды жазғы демалыста діни ілім алуға шақырады. Оған 7 мен 17 жастағы ұлдар мен қыздар қатыса алады. Мешіт ұстаздары балаларға құран сүрелерін жаттатып, араб әліпбиін үйретеді. Сондай-ақ, ұл балаларға бата қайыруды үйренуге мүмкіндік бар. 10 маусым оқудың бірінші күні. Балалар бір ай бойы сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін уақытын мешітте өтекізеді. Сауат ашу курсына қатысу үшін 10 маусымға дейін тиісті құжаттарды өткізу  керек
  4. Рәміздер күніне орай шаһар басшысы Александр Аглиулин қала тұрғындарын құттықтап, жемісті еңбектері үшін өндіріс, білім, әскери салада қызмет етіп жүрген жандарға облыс және қала әкімінің атынан құрмет грамотасы, алғыс хат және гүл шоқтарын табыстады. Салтанатты кеште қала әкімінің гранты байқауының жеңімпаздарына сертификат берілді. 4 балқаштық жас өз кәсібін ашу үшін әр түрлі сомада жалпы 3.5 млн тг ұтып алған болатын. Бұл сомаға қалада косметологиялық кабинет және тоқыма цехы ашылады, мотоблок сатып алынып, саңырауқұлақтар өсіріледі.
  5. Балқаштықтар рәміздер күніне орай автошеру ұйымдастырды. Шеруге мемлекеттік тудың жалауын көтеріп, 20 автокөлік шаһар көшелерімен жүріп өтті. Желтоқсан көшесіндегі медициналық колледжден бастап, қаланың орталық көшелерімен өтіп, Уәлиханов көшесіндегі тәуелсіздік алаңына табан тіреді. Ол жерде «Креатив арт Балхаш» жастары келушілерге фейс-арт жасады. Салтанатты шеруді әрі қарай студенттер мен жастар жалғастырды. 1000-ға жуық жан ұрандата Уәлиханов көшесінен мәдениет сарайының артына дейін жүріп өтті. Рәміздерді ұлықтауға арналған шеруді назарларыңызға ұсынамыз
  6. 5 маусым күні түгел әлемде қоршаған орта күні аталып өтуде. Датаны осыдан 47 жыл бұрын БҰҰ бекіткен. Содан бері бұл күні көптеген елде  қоршаған ортаны сақтауға, қорғауға  бағытталған  мысалы тазалық акциясын өткізу,  ағаш отырғызу секілді түрлі шаралар ұйымдастырылады. Ал табиғатты сақтап қалу үшін тағы не істеу қажет?  Бүгін бұл сауалға тұрғындар жауап берді

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login