Балқаш әкімдігі жөндеу жұмысын сапасыз жасаған мердігер компаниялармен соттаспақ

Балқаш қаласының әкімдігі немқұрайлық танытып, жөндеу жұмысын сапасыз жасаған мердігер компаниялармен соттаспақ. Мердігерлер  ауладағы және мәдениет сарайының артындағы саябақтың сынған жерлерін қайта қалыпқа келтіріп, көшелардегі брусчаткаларды жөндеу керек болған. Алайда, іске келгенде салғырттық танытып отыр. Бүгін қала әкімінің орынбасары Саят Әбеу мердігер компания басшыларын жинап, жөнге салды. Толығырақ келесі сюжетте

Уалиханов 7 көшесіндегі мына спорт алаңын осыдан екі жыл бұрын балқаштық мердігер компания орнатқан. Бүгін де алаңның тоз-тозы шығып, қоршауы майысып тұр. Келісімшарт бойынша жауапты мамандар бұл жерді қалыпқа келтіру керек. Алайда, фирма жауапкершіліктен жалтарып жүр. Осыған ұқсас жағдай Русаков және Сәтбаев мөлтек ауданында кездескен.

«Требовался ремонт асфальтового покрытия перед домами №10,11,14 образованы ямы, восстановление местами бордюр и ограждения мусорной площадки. Дефекты не устранены, представители не выходят на контакт, не смотря на письменные уведомления».

Мәдениет сарайының артқы алаңындағы саябақтың ашылғанына екі жыл ғана болса да жөндеуге сұранып тұр. Төселген брусчаткалары түсіп сатылары сынып жатыр. Фонтан да істен шыққан. Қазақстан, Балқаш деген жазулар болса түнде жанбайды. Ал, саябақты жасаған мердігер фирма бұл бұзақылардың ісі деп жөндеуден бас тартып отыр.

«Исходя из письма, в котором они пишут, что все дефекты образовались в результате вандализма. В связи с этим работы не проводятся».

Қала әкімінің орынбасары мен мердігер компаниялар арасында өткен жиында Әлімжанов, Байсейтова, Ағыбай батыр, Қазбекова мен мир көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер жолын жөнге келтіру де сөз болды. Сондай-ақ, Саят Әбеу Қоңырат мөлтек ауданы және көл жағалауындағы кәріз жүйесін ауыстыруды аяқтауды тапсырды. Ал мердігер компаниялар жиында айтылған тапсырма орындамаса онда сот алдында жауап береді. Қала әкімінің орынбасары оларға осындай ескерту жасады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login