Университет пен колледж түлектерін жастар практикасына шақырады

Университет пен колледж түлектеріне өз мамандығы бойынша тәжірибе жинауға мүмкіндік бар. Жұмыспен қамту орталығы жас мамандарды жастар практикасына шақырады. Қазір 13 балқаштық түрлі мекемелерде тәжірибеден өтуде. Жастар практикасына қатысу үшін жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет. Өзіңізбен бірге жеке куәлік, дипломның түп нұсқасы пен көшірмесін және мекен жай анықтамасын ала бару қажет. Мамандар сізден өтініш қабылдап, мамандығыңыз бойынша түрлі мекемелер мен ұйымдарға 6 айлық практикаға жібереді. Осы уақыт аралығында мемелекет есебінен 60 мың тг астам жалақы төленеді. Егер жас маман өзін жақсы қырынан көрсетіп жатса, тұрақты жұмысқа қабылдануы мүмкін.

Асылай Өміржан –жұмыспен қамту орталығының маманы:

« Мамандығы бойынша бастапқы кәсіби және практикалық тәжірибе алу үшін заңгер, экономист, ақпараттық жүйе және медбике мамандықтары бойынша жастар практикасына қатысуға шақырамыз. Құжаттарды қабылдау Уалиханов көшесі  6 кабинетте қабылданады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login