Балқаштық оқушыларды жазғы демалыста діни ілім алуға шақырады

Балқаштық оқушыларды жазғы демалыста діни ілім алуға шақырады. Қалалық мешітте бір айлық сауат ашу курсы ашылады. Сабақ бір аптадан кейін басталады.  Оған 7 мен 17 жастағы ұлдар мен қыздар қатыса алады. Мешіт ұстаздары балаларға құран сүрелерін жаттатып, араб әліпбиін үйретеді. Сондай-ақ, ұл балаларға бата қайыруды үйренуге мүмкіндік бар. 10 маусым оқудың бірінші күні. Балалар бір ай бойы сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін уақытын мешітте өтекізеді. Сауат ашу курсына қатысу үшін 10 маусымға дейін тиісті құжаттарды өткізу  керек. Бүгінге дейін 25 оқушы курсқа қатысуға ниет білдірген. Сабақ аяқталған соң шәкірттерге діни сауат ашу курсынан өтті деген сертификат беріледі.

Рауан Айтқазин – қалалық мешіттің наиб имамы: «Мешітімізге баланың төлқұжатын алып келіп және ата-ананың рұқсаты, келгеннен кейін бас имамның атына өтініш беру керек.Балаларға үйреткен кезде тек қана дүниенің ғана ілімін ғана емес, дін мен дүниені тең алып жүрсе ол баладан ертең үлкен жетістіктер көретініміз ақиқат».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login