Балқаш жаңалықтары 04.06.2019

  1. Балық аулауға салынған тыйым уақыты аяқталды. Бұл мерзім 15 сәуірде басталып, 1 маусымға дейін созылды. Осы уақытта балық аулаған 19 адам ұсталды. Оның 16 қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ал қалған үшеуінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Заңды бұзғандардың бірі тура тыйым салынған күні яғни 15 сәуірде қолға түскен. Полицейлер Ақсу-Аюлы аулының маңында газель көлігін тоқтатқан. Тексеріс кезінде 2 тоннаға жуық балық табылған. Табиғатқа келтірілген шығынның көлемі 5 млн 650 мың тг. Ал екінші қылмыстық оқиға 24 сәуір күні тіркелді. Алматы Екатеринбург трассасында нива көлігінен 400 кг жуық балық тәркіленген. Бұл жерде келтірілген шығын көлемі 1 млн 150 мың тг құрап отыр. Ал бесінші мамыр күні «Ақ тас» аймағында Балқаш тұрғыны 118 келі балықпен ұсталған
  2. Уақытында құжаттарын өткізбеген балқаштық кәсіпкерге 250 мың тг айыппұл салынды. Тексеріс кезінде балқаштық бизнесменде жұмысшыларының біріне рәсімдеген еңбек келісім шарты болмай шыққан. Заңбұзушылықты ойын клубтарына рейдттік тексеріс ұйымдастырған тәртіп сақшылары анықтаған. Содан ойын клубына мемлекеттік еңбек инспекторлар тексеріспен бірнеше рет келген. Алайда бизнесменді жұмыс орнында табу мүмкін болмады. Тіпті сотқа да келмеген.
  3. Балқашта  мектептептерде жөндеу жұмыстары басталды.  Осы жаз айында 12 білім ордасының  терезелері мен  жылу жүйесі ауыстырылады. №16 мектепте жұмысшы бригада қызу жұмысқа кіріскен. Ескі терезелерді алып орнына пластиктен жасалған жаңаларын орнатуда. Жалпы оқу ордасында 200-ден аса терезе жаңаланады. Оған облыстық бюджеттен 34 млн-ға жуық қаржы бөлінген. Сонымен қоса оқу орнында 300 метрден аса жылу құбырын алмастыру көзделген.
  4. Университет пен колледж түлектеріне өз мамандығы бойынша тәжірибе жинауға мүмкіндік бар. Жұмыспен қамту орталығы жас мамандарды жастар практикасына шақырады. Қазір 13 балқаштық түрлі мекемелерде тәжірибеден өтуде. Жастар практикасына қатысу үшін жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет
  5. 4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні. Атаулы датаға орай еліміздегі барлық балабақшалар мен мектеп жанындағы лагерьлерде бір уақытта әнұран шырқалды. Балқаштықтар да бұл челленджден құр қалмады
  6. Биыл жазда Балқашта 4 мыңға жуық бала мектеп жанындағы лагерьлерде демалады. Қаладағы 16 оқу орнында балақайларды 3 мезгіл тамақтандырып, қаламыздың көрікті жерлерін аралатып, серуендететін жазғы лагерьлер өз жұмысын бастады

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login