Балқашта көпбалалы отбасыға пәтер сыйға берілді

Қасиетті қадір түнінде «Харекет» қайырымдылық қоры балқаштық көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады. Баспана кілтіне ие болған отағасы Қуаныш пен жұбайы Мәншүктің қуанышында шек жоқ. Қуаныш Белитруков 7  баланың әкесі әрі денсаулығына байланысты 3-ші топ мүгедегі. Осы уақытқа дейін отбасымен  пәтер жалдап келген. Үй кезегіне осыдан 4 жыл бұрын тұрыпты. Әкімдіктен баспана күтіп жүргенде Рамазан айында қайырымды жандардың арқасында 3 бөлмелі пәтерге ие болды.

Мәншүк Омарбаева — «Харекет» қорының баспанасына ие болушы: «Біріншіден «Харекет» қайырымдылық қорына рахметімді айтамын. Осыншама жыл қиналып келген кезде 2 күннің ішінде бүкіл проблемамды шешіп тастады. Қиындығымның бәрін артқа тастап. Көп рахмет «Харекет» қорына».

Қасиетті қадір түнінде «Харекет қоры» еліміздің әр түрлі қаласында   5  отбасыға пәтер кілтін табыстады. 1000 теңгеге баспана ұстанымымен осыдан 2 жыл бұрын ашылған қайырымдылық қоры бүгінде республикамыздың әр түкпіріндегі көпбалалы, жағдай төмен мұқтаж 98 отбасыға пәтер сыйлаған. Оның ішінде 10 баспана Қарағанды облысының тұрғындарына берілген.

Ақтоты Жүнісова – Қарағанды облысы бойынша «Харекет» қайырымдылық қорының басшысы әрі өкілі: «Біздерде жұмыстар қазіргі таңда еріктілеріміздің арқасында, халқымыздың садақа беруінің арқасында осындай үлкен жетістіктерге жетіп жатырмыз». «Бұл Балқашта бірінші негізгі. Балқашқа желтоқсан айының 21-інде келді «Харекет» қайырымдылық қоры. Содан бері қазіргі таңда Балқашта «Харекеттің» үлкен тобы ашылды. Бүгінде сонда 20 шақты еріктілер жұмыс жасайды».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login