Балқаш жаңалықтары 03.06.2019

  1. Биыл 50 мыңнан астам жас жоғары оқу орнына тегін түсе алады. Білім және ғылым Министрлігі 2019-2020 жылғы оқу жылына қанша грант бөлінгенін жариялады. Жылдағы дәстүр бойынша тегін оқу техникалық мамандықтарға көп қарастырылған. 15 мың грант. Сондай-ақ, 8 мыңнан аса болашақ мұғалім еліміздегі университеттерде тегін білім ала алады. Тағы 6 мыңға жуық қазақстандық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында мемлекет есебінен оқымақ. Ең аз грант журналистика мен ветеринарияға бөлінген
  2. Балқашта оқушылар демалып жатқанда пән мұғалімдері тест тапсыруда. Биыл екінші рет ұйымдастырылған біліктілік сынағына Балқаш, Приозерск және Ақтоғайдан  400 ге жуық  оқытушы қатысты
  3. Ең қасиетті мүбәрак түн. Балқаштықтар 31 мамырдан 1 маусымға қараған түні қадір түнін қарсы алды. Қасиетті түнде құлшылық үйіне жиналған жұрт қарасы көп болды. Мешітке жиналған қауым  уағыз тыңдап, жамағат болып тарауық намазын оқып, дұға қылды
  4. Қасиетті қадір түнінде «Харекет» қайырымдылық қоры балқаштық көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады. Отағасы 3-ші топ мүгедегі, жұбайы екеуінің 7 баласы бар. Осы уақытқа дейін отбасымен пәтер жалдап келген. Үй кезегіне осыдан 4 жыл бұрын тұрыпты. Әкімдіктен баспана күтіп жүргенде Рамазан айында қайырымды жандардың арқасында 3 бөлмелі пәтерге ие болды.
  5. Балқаштықтар 14 жастағы Иван Болотовтың еміне 150 мыңға жуық қаржы жинап берді. «Үміт Үзбе» бірлестігі балаға арнап қайырымдылық концертін өткізді. 14 жастағы жеткіншекке былтыр аяғын сындырып алғаннан кейін «жамбас сан қатерлі ісігі» деген диагноз қойылған. Кейін метастаз өкпесіне де тарағаны белгілі болды. Иван содан бері 8 рет химиятерапиядан өткен. Жыл басында дәрігерлер ота жасап, оның сол аяғын алып тастады. Бүгінде оған өкпе рагының 4 сатысы деген диагноз қойылып отыр
  6. Балқашта үздік дзюдошылар анықталды. Қаламызда Қазақстан Республикасы спортының құрметті қайраткері Сүйіндік Ариновты еске алу мақсатында дзюдодан республикалық турнир өтті. Оған Қарағанды, Нұр-Сұлтан және Алматы облысынан 200 ге жуық спортшы жиналды
  7. Балқаштық «Металлург» теміртаулық «Асан»  футбол командасын ойсырата жеңді. Өткен сенбіде жерлестеріміз өз алаңында қонақтарды қабылдады. Бұл жерлестеріміздің облыс біріншілігі аясында өткізген 2 матчы

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login