Балқашта қансорғыштарды жою шаралары басталды

Балқашта қансорғыштарды жою шаралары басталды. Оған  жергілікті бюджеттен   3 млн. ға жуық қаржы бөлінген. Қарағандыдан келген арнайы бригада бүгін Қараменде би көшесіндегі 74 үйдің жертөлесін дәрілейді. Қорғаныс костюмы, арнайы қолғап, бетперде бұл мамандарды уланудан сақтайтын киімдер. Масамен күрес жүргізушілер бүріккіш респираторға шыбын-шіркейді улауға арналған арнайы препаратты құйып, қараңғы жертөлеге түсті.

Жалпы қала бойынша Бадсад елді мекенінде 1 гектар аумақ және қала бойынша  жалпы ауданы 4865 шаршы метрді құрайтын 7 көппәтерлі үйдің жертөлесі дизинсекциядан өтеді.  Атап  айтқанда , Қараменді би 74/1, 10 шағын ауданындағы 2 үй, 14 үй және 23 үйлер, ленина көш. 91 б үйі мен Мұхамеджанов көшесі  22б, және Чайковский көш № 17 үй. Масалармен күреске биыл бюджеттен 3 млн-ға жуық қаржы бөлінді. Оның 700 мың теңгесі мердігер компанияға аталған аумақтарды 3- рет дәрілеуге берілген. Алғашқы улау жұмыстары бүгін өтті.

Гүлнара Шорманова  — Балқаш қ. денсаулық сақтау басқармасынының бас маманы

Залалсыздандыру жұмысы масаға қарсы, шыбын шіркейге қарсы жүргізілді. Екінші тур жұмысы маусым айының 15-нен кейін, 3- тур залалсыздандырудың шілде айының 15 нен кейін жасалынады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login