##i-vengo banner

Балқаш жаңалықтары 27.05.2019

1.Қарағандыда батут аударылып, 11 жастағы бала көз жұмды. Тағы екі оқушы зардап шекті. Бұл қайғылы оқиғадан кейін үрлемелі аттракциондарды тексеру басталмақ. Батут иелеріне жұмыстарын уақытша тоқтатуға кеңес берілді. Ал «Оркен-медиа» арнасының тілшілері бұл бизнес түрін кім бақылайды? Қандай ережері мен талаптары бар? деген сауалдарға жауап іздеп қайтты

2.Балқашта ет бағасы 10-15%-ға көтерілді. Ал қой еті мүлдем тапшы. Қазіргі таңда дүкендерде сиыр еті 200 теңгеге қымбаттап, 1700 ге сатылуда. Жылқыныкы 300 теңгеге көтеріліп, 1900 тг жеткен. Ал қой еті болса мүлдем тапшы. Мамандар бағаның бұлай шарықтауы мен тапшылықтың себебін қыс бойы бордақыланған жануарлардың сатылып бітуімен және көктемгі төлдеу маусымымен байланыстырып отыр

3. Жыл басынан бері Қазақстанда 10 адам поездың астына түскен. Оның 7-еуі ересек болса, үшеуі бала. Осындай қайғылы жағдайлар орын алмас  үшін №17 мектептің 5 сынып оқушыларына қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.  Сынып сағатына Балқаш  локоматив депо станциясының қызметкерлері  арнайы келген.Олар оқушыларға темір жолда қай жерлерден өтуге болатынын,  қай участоктан өту қауіпті екенін  видеоролик арқылы жіті түсіндірді

4. Балқашта 250 түлек үшін соңғы қоңырау сылдырлады. Осыдан 11 жыл бұрын мектеп табалдырығын тардай болып аттаған оқушылар, таудай болып білім ордасымен қош айтысты.
№4 орта мектептен биыл 21 оқушы түлеп ұшқалы отыр. Соңғы қоңырау кешіне қала әкімі Александр Аглиулин қатысып, үлкен өмірге аяқ басқалы отырған жастарға сәт сапар тіледі.

5.Балқашта 10-сынып оқушылары сарбаздардың рөліне енді. Қаламызда дала  оқу жаттығулары өтуде. Болашақ отан қорғаушылар сап түзеп, қарсыласқа шабуыл жасауды және жарылыс кезіндегі қорғануды үйренеді. Оқу жаттығулары 5 күнге созылмақ. Дайындықтың алғашқы күнін біздің түсірілім топ та көріп қайтқан еді. Толығырақ бейнематериалда

6.Балқашта үздік кикбоксшылар анықталды. Демалыс күндері «Мысшылар» стадионында кикбокстан қалалық ашық чемпионат өтті. Жасөспірімдер арасында болған турнирге Алматы қаласынан да спортшылар келген

_____________________________________

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login