Балқашта үздік кикбоксшылар анықталды

Демалыс күндері «Мысшылар» стадионында кикбокстан қалалық ашық чемпионат өтті. Жасөспірімдер арасында болған турнирге Алматы қаласынан да спортшылар келген.

Аслан Мұратхан – кикбокстан қалалық ашық чемпионаттың қатысушысы : Көптеген шыңдарға шық деді. Мықтылардың қасында жүр деді. Солай анам осы кикбоксингқа қатыстырды. Мен жарысқа қалалық бірінші рет қатысып отырмын. Қобалжудамын.

Алматыдан келген кикбоксшы Ернар Серік те досымен бірге жарыс алдында әдістерді тәсілдерді қайталап,  дайындығын пысықтауда. 10 жастағы  спортшының қоржынында 20 медаль бар.

Ернар Серік – кикбокстан қалалық ашық чемпионаттың қатысушысы:«Осы турнирға дайындалғанымызға  бір ай болды. Алматы қаласынан келдік. Мен бірінші рет Балқашқа келіп тұрмын. Оның алдында әр түрлі жарыстарға қатысқанмын. Біздің келген балалардан 10 бала бар».

Кикбокстан өткен қалалық ашық чемпионатқа Балқаш пен Алматы қаласынан 60-қа жуық спортшы қатысты. Мысшылар стадионында 11 салмақ дәрежесі бойынша 10 мен 13 жас аралығындағы жасөспірімдер өзара мықтыларды анықтады.

Данияр Орал – кикбокстан қалалық ашық чемпионаттың ұйымдастырушысы:«Бұл жарыс 2007-2008 жылғыларға Қазақстан республикасына іріктеу болмақ. Бұл жерде жеңімпаздар медаль, грамота және арнайы кубоктармен марапатталады»

Тартысты дода нәтижесінде 7 алтынмен дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің тәрбиеленушілері жеңімпаз атанды. Ал, екінші орын 5 алтынды алқалаған алматылықтарға бұйырды. Балалар және жасөспірімдер спорт мектебі болса үшінші орынды қанағат тұтты.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login