Балқаш жаңалықтары 23.05.2019

  1. Балқашта республикалық білім беру форумы бастау алды. Соған орай қаламызда екі күн бойы түрлі көрмелер мен тренингтер және концерттік бағдарламалар өтпек. Форум аясында мектептерде Қарағандыдан оқытушылар келіп шеберлік сағатын өткізді. Ал балқаштық оқушылар келген қонақтарға өздері ойлап тапқан туындыларын таныстырды
  2. «Ұлы дала мұрагерлері» республикалық форумы түстен кейін №2 Абай атындағы лицейде және №17 мектепте жалғасты. Онда оқушылар Балқаш қаласын дамытуға қатысты бизнес жобаларымен бөлісті
  3. Балқашта жыл басынан бері 70 тен аса сәби түрлі дерттермен өмірге келген. Тағы 26 бала шала туылған. Мұндай шақалақтарды орталық ауруханада неонатолог емдейді. Біздің тілшілер маманның жұмыс барысымен танысып, дертпен туылған сәбилердің жағдайын біліп қайтты
  4. ТЖ қызметкерлері 120 саябақты тексерді. Мамандар рейдке шығып, саяжайшыларға өрт қауіпсіздігін түсіндіруде. Жалпы жыл басынан бері қала сыртындағы саяжайларда 4 өрт оқиғасы болған. Көбінесе қоқыс және құрғақ шөп жанған. Осыны ескерген ТЖ қызметкерлері бағбандар қоғамдастығын аралап, саяжайшыларға қызыл жалын болмас үшін қандай ережелерді сақтау керектігін түсіндіруге кіріскен
  5. Балқаштық 20 дан астам тұрғын  жүргізуші куәлігін онлайн түрде ауыстырды. Аталған қызмет түрін құжат мерзімі өтуге жақын қалған  тұрғындар қолдана алады.Қызметті қолдану үшін  Egov.kz порталына тіркеліп «Көлік және коммуникациялар» бөліміне кіру қажет. Ары қарай «жүргізуші куәлігін алу»  батырмасын басып электрондық өтініш толтыруға көшеміз. Осы тұста фотосурет пен сканерленген қолтаңбаны тіркеуді ұмытпаған абзал. Кейін дайын болған құжатты ХҚКО барып аласыз
  6. «Діни экстремизмге жол жоқ». Осындай атаумен қалалық автобекетте акция өтті. Онда  тұрғындарға  деструктивті діни ағымдардың алдын алу және одан келетін зардап жайында   үндеу қағаздары  таратылды. Мұндай акцияны ішкі саясат бөлімінің мамандары, теологтар мен ерікті жастар ұйымдастырған. Егер экстремизм мен терроризмге қатысты күдікті жайттерді байқаған бойда 114 жедел желісіне хабарласу керек. Бұдан бөлек дінге қатысты толғандырған cауалдар жауабын конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығына 6-69-40 нөміріне қоңырау шалып, білсеңіздер болады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login