Балқаштық кикбоксшылар Қазақстан чемпионатынан жүлдемен оралды

Балқаштық кикбоксшылар Қазақстан чемпионтанынан жүлдемен оралды. Қарағанды облысының намысын қорғап қайтқан спортшылармыз екі алтын , екі күміс медальға ие болды.

Қызылордада өткен чемпионатқа еліміздің түрлі өңірлерінен 250 ден астам спортшы жиналды. 15-16 жастағы жасөспірімдер 14 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасты. Қарағанды облысынан 16 кикбоксшы барған. Оның бесеуі балқаштық. Соның төртеуі жүлдемен оралды. Атап айтсақ, 65 кг салмақта Нұрәділ Алпысбаев, 81келіде Әділ Мұратов чемпион атанды. Ал Алдияр Аманжолов пен Сұлтан Қарбеков күміс жүлдеге ие болды.Қазір жеңімпаздар жазда Ыстықкөлде өтетін халықаралық жарысқа дайындалуда.

Нұрәділ Алпысбаев – кикбокстан Қазақстан чемпионы: « 4 бой өткіздім. Төртеуінде де очкомен жеңдім. Шымкент, семей, Қостанай, Түркістан қалаларымен шықтым. 04:23 Ең қиыны ол финальный бой болды. Семейдің баласымен шықтым. Бірақ 3:0 есебімен жеңдім»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login