##i-vengo banner

Балқашта жігіт сұлтаны анықталды

Кіл мықты да кім мықты?  Өткен жұмада қаламызда «Жігіттің сұлтаны» анықталды. Байқауда 20-29 жас арасындағы өрт сөндірушілер, әскери қызметкерлер, құтқарушылар және полицейлер өзара бақ сынасты. Сайыста серілердің білімі мен өнері бағаланып, гир көтеру мен садақ ату шеберлігі сыналды.

№45 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкері  Айбар Тұрсын садақ ату кезеңінде бағын сынауда. Ол 10 метр қашықтықтан нысананы дәл көздеуі керек. Бір емес үш жебені дөп тигізуі тиіс. Айбар 1 ай дайындықтың нәтижесінде 26 ұпай еншіледі.

Айбар Тұрсын «Жігіт сұлтаны» байқауының қатысушысы

«Сайысқа 1 ай уақытында дайындалдық. Сайыс өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Ең қиын соққан кезеңі бұл – садақ ату. Себебі садақ атумен бұрын соңды дайындалмағандықтан 1 ай көлемінде уақыт берілді, шамамыз келгенше дайындалдық»

Сайыста көрермендердің делебесін қоздырып, ерекше әсер берген гир көтеру кезеңі болды. Жігіттерге  жанкүйерлер де ерекше қолдау білдірді. Серілер 24 келілік 2 гирді қос қолдап көтеріп жарысты. Бұл сайыста Темірлан Тәңірберген кір тасын 40 рет көтеріп, басқалардан басым түсті.

Жалпы байқау 7 кезеңнен тұрды. Сайыста жігіттердің  білімі мен  өнері  де назардан тыс қалмады. Халқымыздың салт-дәстүрі тарихына байланысты сұрақтарға жауап берді. Қатысушылардың тіл тазалығы мен сахна мәдениетіне де баға берілді.

Қадыр Баймырза «Жігіт сұлтаны» байқауының ұйымдастырушысы

«Байқаудың мақсаты қазақтың жігіттерінің рухын көтеру, оларда біздің қазақы үрдісімізді жаңғырту» «Жігіттердің дайындығы байқап жатырмыз, жаман емес. Қарқындары жақсы, жігерлі, көңілден шығып жатыр»

«Шын тұлпар бәйгеде танылады» дегендей байқауда «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққандар анықталды. Жарыстың бас жүлдесін №45 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері  Айбар Тұрсын иеленіп, «Жігіт сұлтаны» атағын алды. І орын Балқаш авариялық жасағының құтқарушысы Темірлан Тәңірбергенге бұйырды. ІІ орынға №53898 әскери бөлімнің маман-дәнекерлеушісі Расул Нығыманов тұрақтады. Ал 1-полиция батальонының қызметкері Дастан Әлібай 3-ші орынды иеленді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login