##i-vengo banner

Балқашта еркін күрестен республикалық турнир өтті

Қаламызда еркін күрестен республикалық турнир өтті. Боз кілемдегі жарыс балқаштық балуан, еркін күрестен спорт шебері Ержан Долбаевты еске алуға арналған. Онда Алматы, Жамбыл облысы мен Семей, Өскемен сынды қалалардан 130-дан аса спортшы бақ сынасты. Тартысты дода қалай өтті, кімдер жеңіске жетті оны тілшіміз тарқатып айтсын

Кезегін күтіп тұрған Мейіржан Нұрқасым өзі көп қолданатын әдістерді тағы бір қайталап, дайындығын пысықтауда. 12 жастағы жамбылдық балуан республикалық жарысқа осымен екінші рет қатысып отыр. Алғашқысында жолы болмапты. Деседе бұл жолы жеңіске жететініне нық сенімді.

Мейіржан Нұрқасым – еркін күрестен республикалық турнирге қатысушы

«осы жарысқа бір жыл дайындалдым. Жаңа приемдар үйреніп келдім. Осы жарыста жақсы нәтиже көрсетемін деген ойдамын. Маған бапкерім вертушка, жамбас аяққа өтетін. Проходтар, мельница деген приемдар үйретті. 

Ал, балқаштық спортшылар боз кілемде белдесуде. Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде бірге дайындалып жүрген Марғұлан Жансұлтан мен Ернар Нұрғазы бүгін бір-біріне қарсылас. Деседе бұл додада Марғұлан жеңіске жетті.

Марғұлан Жансұлтан — еркін күрестен республикалық турнирге қатысушы

«Мұның алдында екеуміз бірге дайындалып жүргенбіз. Осы жарыста екеуміз бірінші рет кездестік. Екі аяққа өтіп жеңіске жеттім»

Мысшылар стадионында еркін күрестен өткен республикалық чемпионтақа Алматы, Жамбыл облысы мен Өскемен, Семей, Қарағанды, Теміртау және Балқаш қаласынан 130-дан аса спортшы 14 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасты. Жарыс  еркін күрестен спорт шебері Ержан Долбаевты еске алуға арналған.  

Қасымхан Жұмабаев – бас төреші

Ержан Долбаев еркін күрестен спорт шебері. Балқаш қаласының балуаны. Қарағанды қаласындағы спорт мектебін бітірген және Балқаштан федерация ашып, еркін күрестің дамуына үлес қосты. Бұған 8 команда жиналып отыр. Былтыр да 8 команда жиналған.

Екі күнге созылған тартысты дода нәтижесінде Балқаш қаласы 5 алтын, 5 күміс және 14 қола жүлдемен жеңімпаз атанды. Ал, екінші және үшінші орынды Теміртау қаласы мен Жамбыл облысы өзара бөлісті. Жеңімпаздар кубок, медальмен ал бапкерлері ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login