20 мамыр атаулы күндер/События 20 мая

Бүкіләлемдік травматолог күні
Әлемнің барлық елдеріндегі травматология және ортопедия саласындағы дәрігерлер жыл сайын өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді.

Мәдениет бостандығы күні
Жыл сайын мамыр айының үшінші сенбісінде аталып өтеді. Бұл халықаралық күн 2012 жылы технологиялар арқылы білімге еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуді насихаттайтын Digital Freedom Foundation коммерциялық емес ұйымы тарапынан бекітілді.   

Дүниежүзілік аралар күні
БҰҰ халықаралық күндер жүйесінде аталып өтіледі. Аралар популяциясының қысқару мәселесі және осы жәндіктерді қорғаудың маңыздылығына назар аудару үшін бекітілген. БҰҰ Бас ассамблеясы Дүниежүзілік аралар күнінің датасы ретінде 20 мамырды таңдаған. Бұл күні танымал словен ара өсірушісі Антон Янши дүниеге келген.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1940  жылы «Шығыс сақинасы» жол құрылысы басталды (Шығыс Қазақстан облысы).

1994  жылы Талғар қаласында Тұрар Рысқұловқа ескерткіш орнатылды

2000 жылы «Алпамыс батыр» жырының 1000 жылдығы республика көлемінде аталып өтті.

2006 жылы Сочиде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің төрағасы болып сайланды.

2010 жылы ИТАР-ТАСС агенттігінің кеңсесінде ағылшын жазушысы  Джонатан Айткеннің «Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстанның жасампаздығы» атты орыс тіліне аударылған кітабының тұсаукесері өтті.

2010 жылы Бейжіңде қазақстандық делегация қатысқан 20-шы мерейтойлық Жаһандық әйелдер саммиті өтті.

2011 жылы Астанада белгілі дін қайраткері, ойшыл Шейх Кунта-қажы Кишиев  атындағы жаңа мешіттің ресми ашылу рәсімі өтті. Кунта-қажы 356 мұсылман әулиелердің бірі саналады.  

2014 жылы Астанада Иорданияның экс-королі Хусейн бен Талалдың құрметіне көше аты берілді.

2014 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Синьхуанеттің» бас директоры Тянь Шубиноға «Ақорда» кітабын сыйға тартты.

2015 жылы Қазақстан Украинадағы ЕҚЫҰ-ның арнайы мониторингтік тапсырмасына қатысты.

2016 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Сенегал Президенті Маки Саллмен кездесті. Мемлекет басшыларының кездесуі барысында саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ өзара мүдделілік туғызып отырған халықаралық және өңірлік сипаттағы жайттар талқылады.

2016 жылы Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген толықметражды «Сағадат Нұрмағамбетов. Соңғы сұхбат» атты деректі фильмі Севастопольде 14-19 мамыр аралығында өткен деректі фильмдер мен телебағдарламалардың «Бірге жеңдік»  ХІІ  халықаралық кинофестивалінде жүлделі болды. Туынды Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералының өмірінен сыр шертеді.

2017 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «АҚШ — Ислам әлемі» саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласына барды. Саммитке мәртебелі мейман ретін­де шақырылған Мемлекет бас­шысы Нұрсұлтан Назарбаев жиын бары­сында бірқатар маңызды кездесулер өткізіп, ша­­ғын келіссөздер жүргіз­ді.

82 жыл бұрын (1936-2015) жазушы, сценарийші, КСРО-ның телевизия және  радио үздігі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері ТОБАҒАБЫЛ Төлепберген дүниеге келді.

82 жыл бұрын (1936-1995) филология ғылымының кандидаты, профессор АРЫНОВ Мұхтар Ғалиұлы дүниеге келді.

80 жыл бұрын (1938-1985) актер, Қазақ КСР-нің халық әртісі МОЛДАБЕКОВ Әнуар Әбіханұлы дүниеге келді.

79 жыл бұрын (1939-2012) философия ғылымының докторы, профессор ҚАЛМЫРЗАЕВ Әбдеш Сәрсенұлы дүниеге келді.

_______________

20 мая в мире отмечают:

Всемирный день метрологии

Всемирный день пчёл

Всемирный день травматолога

Европейский день моря (European Maritime Day)

День рождения джинсов

События:

1742 -Русский штурман Семён Челюскин на собачьих упряжках достиг северной оконечности Евразии — мыса, названного вскоре его именем (мыс Челюскина).

1754 — В Российской Империи основан первый банк.

1973 — Фирма «Ливай Стросс энд компани» получила лицензию на единоличное право производства брюк с заклёпками на карманах. Это официальная дата дня рождения джинсов.

1895 — В Нью-Йорке прошёл первый коммерческий просмотр фильма (зрителям показали 4-минутную ленту о боксёрском поединке).

2001 — В Казахстане прошел первый международный шахматный супертурнир.

Родились:

1799 — Оноре де Бальзак (ум. 1850), французский писатель, классик мировой литературы. Творчество Бальзака пользовалось большой популярностью в Европе и ещё при жизни принесло ему репутацию одного из величайших прозаиков XIX века.

1944 — Джо Кокер (ум. 2014), английский рок-певец, кавалер Ордена Британской Империи. В 2008 — американский Rolling Stone включили его в свои списки «100 величайших певцов в истории».

1946 — Шер, американская певица, актриса, кинорежиссёр, музыкальный продюсер и автор песен, широко называемая представителями медиа Богиней поп-музыки и описываемая как воплощение женской автономии в индустрии.

1967 — Гоша Куценко, киноактёр и певец, заслуженный артист России. Получил широкую известность ролям в фильмах «Мама, не горюй», «Антикиллер». В 2016 году заявил, что завершает актерскую карьеру и планирует заняться режиссёрской деятельностью.

1975 — Шура (настоящее имя Александр Медведев), российский эстрадный певец. Пик его популярности приходится на конец 1990-х годов. Приобрёл известность за счёт эпатажной манеры исполнения и запоминающейся внешности.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login