Балқаш жаңалықтары 06.05.2019

1.Мир көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің бірі осымен 3 апта ыстық сусыз отыр. Себебі краннан ыстық судың орнына суық су ағады. Ал коммуналшылар тұрғындардың шақыртуы бойынша келгенімен, ештеңе шеше алмай отыр. Анықталғандай  тура осындай мәселе басқа да мекен-жайда бар. Толығырақ бейнематериалда

2.Балқашта 127 отбасы мемлекеттік әлеуметтік көмекке ілінді.  Ол үшін сәуір айында  бюджеттен 10 млн 200 мың теңге бөлінген. Естеріңізге сала кетейік, 1 сәуірден бастап, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау механизмі өзгерген болатын. Енді жалпы отбасының табысын адам басына шаққанда 20 789тг аспаса кез-келген жанұя мемлекеттен жәрдемақы алуға құқылы

3. Жұмыспен қамту орталығы балқаштықтарды 60-қа жуық техникалық және өндірістік мамандықтар бойынша 3 айлық қайта даярлау курсына шақырады. Жұмыссыз тұрғындар политехникалық колледжде балқытушы, үгітуші, сулы ерітіндіні және балқытылған тұзды электролиздеуші, аппартчик-гидрометаллург, түсті металл өнімін бақылаушы сынды өндіріске қажетті мамандықтар бойынша 3 ай бойы оқиды

4. Қала әкімі сөзінде тұрды.  Ескі балалар алаңын жөндеп, жаңа кейіпке келтірді. Бұл эстафетаны Александр Аглиулин жастардан қабыл алған болатын

5. Православие діні өкілдері үшін 7 мамыр ата-аналар күні.  Олар бұл күні зират басына барып, дүние салған жақындарын еске алады. Соған байланысты қаламызда қосымша 5 автобус бөлінді. Қоғамдық көліктер таңертеңгі 8-ден бастап екі бағыт бойынша тұрғындарды тасымалдамақ

6. Балқаштықтарды арыстан, жолбарыс, аю сынды жыртқыш аңдар мен тауыс құсы тағы да басқа аң-құстарды тамашалауға шақырады. Қаламызға жылжымалы зообақ келген болатын. Онда 40-тан аса жан-жануар мен құстың 30 түрі ел назарына қойылған

7. Өткен жексенбіде «Ақ теңіз» спорт кешенінде суда жүзуден алғашқы  қалалық турнир өтті. Бұл жарысқа қатысуға ниет білдіргендер өте көп. Бұл күні  жасы-кәрісі бар жалпы 250 адам бақ сынады. Еркін және құлаштап жүзуден сайысқа түсті

8.Балқашқа  Номад ММА-дің ең үздіктері жиналды. Осы демалыста шаһарда  Nomad MMA- спорт түрінен республика чемпионаты өтті.  Оған Қазақстанның 10 қаласынан 300-ге жуық спортшы қатысты



Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login