##i-vengo banner

Балқаш жаңалықтары 02.05.2019

  1. Биыл Ұлы Жеңіс пен Отан қорғаушылар күніне орай Ауған соғысының ардагерлеріне, Чернобыль апатына қатысқан балқаштықтарға, бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде мүгедек болып қалған тұрғындарға, бейбіт уақытта қызмет бабында қайтыс болған әскерилердің отбасына, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ақшалай көмек көрсетіледі. Қала бойынша 700 ден астам адамға 24 млн теңге төленеді.
  2. Ағыбай батыр көшесіндегі жолдың бір бөлігі демеушілер қаржысына жөнделеді. «Тастемір» фирмасы бұл жұмысты өз мойнына алған. Мердігер компания Ағыбай батыр мен Қараменде би көшесінің қиылысынан бастап автобекетке дейінгі аралықты  жөндемек
  3. Балқашта жұмыссыздарды қайта оқыту басталды. Екі мамандық бойынша. Бірі газбен дәнекерлеуші, екіншісі электромонтер. Кәсіп иесі атану үшін тұрғындар бар болғаны 3 ай оқып, сертификатқа ие болады. Осы уақыт аралығында оларға мемлекеттен шәкіратақы төленеді
  4. 1 мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні түрлі ұлт өкілдері мәдениет сарайының артына балқарғай талын отырғызды. Этно-мәдени бірлестік мүшелері мен балқаш жастары  бірігіп, қаланы жасылдандыруға өз үлестерін қосты. Мереке күні қазақ,славян, кәріс, татар, грек ұлттары бірлігіміз осы талдың тамырындай берік болсын деген ниетпен балқарағай талын екті
  5. Қазақстан халықтарының бірлігі күні  балқаштықтар мерекелік концерт тамашалады. Сахнада оқушы-студенттер мен жергілікті әншілер өнер көрсетті. Мерекелік бағдарлама «Достық» би композициясымен басталды. Онда жұртшылыққа қазақ, орыс, татар, өзбек, корей ұлт өкілдерінің  билері  сахналанды. Осы композиция арқылы бишілер еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің ынтымағы мен татулығын көрсетті. Одан әрі әжелер қауымы мерекелік шашу шашып, концерттік бағдарлама әсем әнмен жалғасты.
  6. Балқаштық тұрғындар арасынан білек күші мықтылары анықталды. 1 мамыр «Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесінде» қол күрес және кір тасын көтеруден жарыс өтті. Сайысқа ниет білдірген қарапайым қала тұрғындары мен спортшылар қатысты
  7. Санаулы күндерден кейін мұсылман қауым асыға күткен қасиетті Рамазан айы басталады. Биыл ораза уақыты 6 мамыр дүйсенбіге түсіп отыр. Осыған орай, барша мұсылман мамырдың 5-нен 6-на қараған түні ауыз бекітеді. Ал31 мамыркүні қасиетті жұмада Қадыр түнін қарсы алады

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login