Балқаш жаңалықтары 30.04.2019

1.Балқашта екі адамды өлтіріп, бір әйелді зорлаған 53 жастағы ер адам сотталды. Ол  құрбандарының бірін өз үйінің ауласына көміп тастаған. Қылмысты тергеу кезінде кісі өлтіру фактісі 2010 жылы болғаны анықталды. Ал 2012 жылы ер адам өз танысын пышақтап, жарақаттаған. Осы қылмысы үшін 2013 жылы адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді деген айыптаумен  бас бостандығын 3,5 жылға шектеу қойылады.  Алайда 2017 жылдың тамызында  әйелді зорлап, өлтірмек болды деген күдікке ілінеді. Осы қылмыстары үшін 53 жастағы  балқаштық сәуір айында Қарағанды облыстық мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 20 жылға сотталды.

2.Балқаштық тұрғын тыйым уақытында 400 келіге жуық балықпен қолға түсті. Табиғатты қорғау полициясы уылдырық шашу мерзімінде заңсыз балық аулаушыларды қолға түсіру мақсатымен рейд жүргізуде

3.Атаулы әлеуметтік көмек алатындар мен мүгедек балаларға қарайтын ата-аналар міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына жарна төлеуден босатылады. Бұл туралы қалалық әкімшілікте өткен жиында айтылды. Қарағандыдан келген жауапты маман балқаштық кәсіпкерлер мен медицина қызметкерлеріне сақтандыру қорындағы өзгерістерді түсіндіріп берді

4.Балқаштық политехникалық колледж студенттері қайрымдылық жәрмеңкесін өткізді. Шара Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған. Ұйымдастырушылар оқу орнында оқитын жағдайы төмен отбасы балаларына және  ата-ана қамқорлығынан айырылған жеткіншектерге киім-кешек алмақ

5.Қазақстандықтар мамыр айында 10 күннен аса демалады. Бұл айда бір емес 3 мереке атап өтіледі. Алғашқысы 1мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Биыл сәрсенбіге дөп түсіп тұр. Соған орай отандастарымызға 1 күн демалыс жарияланды. Екінші мейрам-7 мамыр Отан қорғаушылар күні. Соған байланысты сейсенбі қазақстандықтар жұмыстан босатылады. 8-і қайта қызметке шығып, одан кейін Ұлы Жеңіс күніне орай  қатарынан 4 күн 9,10,11,12 –і демалады. 10 күнгі жұмыс күні биыл 4 мамырға ауыстырылды

7.Балқаштық кикбоксшы  Қазақстан чемпионы атанды.  Данияр Орал Семей қаласында ересектер арасында өткен республикалық жарыста жеңіске жетіп, әлем чемпионатына жолдама ұтып алды. Жалпы бұл сайыс Данияр Оралдың 2 жыл үзілістен кейінгі алғашқы жарысы. Ол 1 жыл әскерде борышын өтеп, 1 жыл демалыста болды. Ал оған дейін  2015, 2016 жылдары кикбокстан екі дүркін Қазақстан чемпионы атанды

8.29 сәуір-дүниежүзінде халықаралық би күні. Дәстүр бойынша бұл күні әр елде түрлі конкурстар өткізіліп,  би өнері барынша дәріптеледі.  Ал біздің редакция тілшілері атаулы датаға орай ел арасына шығып, тұрғындардың сүйікті би стилі мен соңғы рет қайда билегенін біліп қайтты

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login