##i-vengo banner

Балқаш жаңалықтары 29.04.2019

  1. Қазақстанда президенттікке кандидат ұсыну мерзімі аяқталды. Үміткерлерден өтініш қабылдау 10 мен 28 сәуір аралығында  жүргізілді. Осы уақыттың ішінде Орталық сайлау комиссиясына 9 республикалық қоғамдық бірлестіктің атынан 9 кандидат  ұсынылды. 
  2. Сот жүйесін цифрландыру сәтті жүзеге асып келеді. Қазіргі таңда сот процесіне әлемнің кез-келген түкпірінен онлайн қатысуға болады. Өткен аптада Қарағанды облыстық сот төрағасы Нұрсерік Шарипов балқаштықтармен кездесті. Жиында судья халықты смарт-сот жобасымен таныстырды
  3. Биыл Украинадағы Чернобыль  апатына 33 жыл. Өткен аптада Ауған соғысының ардагерлері, қала белсенділері және апатты жоюға қатысқан балқаштықтар жарылыстың салдарынан көз жұмған жауынгерлерді еске алды
  4. Өткен жұмада оқырмандар кітапханада кітап оқымады. Оның орнына тігін тігіп, өлең оқып,  қуыршақ театрын тамашалады. Тіпті би кеші де болды. Қаламызда дүниежүзілік кітап күніне орай алғаш рет  «Кітап fest» фестивалі өтті
  5. Қаламызға Қарағандыдан «күй керуен» музыкалық этнографиялық кешенді экспедициясы келді. Өнер сапарының мақсаты орталық өңірді аралап, аты аңызға айналған күйшілер мен жыр-дастан, халық әндері және ауыз әдебиеті туралы мағлұмат жинау. Белгілі ғалым, өнертанушы және күйшілерден құралған экспедиция мүшелері мәдениет сарайында қаламыздың өлкетанушылары, сазгерлерімен кездесу өткізді
  6. Балқашта «Апгрейд» деген атаумен байқау басталды.  Конкурстың басты шарты қатысушылар ескі компьютерден, сканерден  пайдаға жарамды жаңа зат құрастырулары қажет
  7. Балқаштық оқушы кәсіпқой джиу-джитсудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Әлем Байдағұлов бұл жарыста жеңіске жетіп қана қоймай, «спорт шеберлігіне үміткер» нормативін орындады. Біріккен Араб Әмірлігінде өткен сайысқа әлемнің 100 елінен 7 мың спортшы жиналған. Финалда Әлем сириялық спортшымен кездесіп, ұпай саны бойынша есе жіберіп алды. Деседе күміс жүлде қоржында

_________________________

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login