Балқаш жаңалықтары 25.04.2019

1. Мусин көшесінде қаңырап бос қалған ғимараттың маңында темір дүңгіршек өртке оранды. Төтенше оқиға түнгі 10 дар шамасында болған. Қоршаудың артындағы жалынды көрген тұрғындар бірден өрт сөндірушілерге хабар берген. Жалынның жалпы аумағы 25 шаршы метрді құрады. Құтқарушылар өрттің себебін от жағудағы абайсыздық деп отыр. Жалпы жыл басынан қоқыс пен құрғақ шөптің өртенуіне байланысты 19 факт тіркелген. Оның 11 осы сәуір айында болған.
2. Балқаш маңында жол көлік апатынан зардап шеккендер басқа ауруханаға ауыстырылды. Енді балқаштық әйел Қарағанды қаласында, ал Қырғызстан азаматтары ем дом шарасын өз елінде жалғастырады
3. Қатерлі ісікке шалдыққан 14 жастағы балқаштық Иван Болотов көмекке зәру. Оған мұндай ауыр диагноз өткен жылы қойылған болатын. Бүгінде жасөспірім химиялық терапияның бірнеше курсынан өтті. Кезекті емі 1 мамырға жоспарланған. Қазір анасы екеуіне билет алуға, жүріп тұруға қаражат қажет. Қол ұшын созып, көмек бергісі келетін қайырымды жандар көрсетілген банк шотына ақша аудара алады. Ақша аударуға арналған  банк реквизиттері: QIWI-әмиян 87476478034; Каспий банк: 5169 4931 4436 4091 — Болотова  Екатерина; ЖСН: 010 320 650 891
4. Балқашта иммундау апталығы басталды. Сәуір айының соңына дейін бұрын вакцина алмаған тұрғындар өздеріне екпе салдырта алады. Ол үшін алдымен өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге көріну қажет. Тұрғындарға көбінесе қызылша, дифтерия, сіреспе, гепатит дерттеріне қарсы екпе салынады
5. Латын қарпіне көшу қаншалықты маңызды. Тіл жанашыры, қоғам қайраткері Оразгүл АсанғазыБалқашта болып, арнайы семинар-тренинг өткізді. Жастарға жаңа қазақ әліпбиін меңгерудің тиімді жолдарын көрсетті. 2020 жылдан бастап мектептерде латын қарпі үйретіле бастайды. Ал 2023 жылы құжаттар латын қарпінде толтырылады. Жаңа әліпбиге толықтай көшу 2025 аяқталады. Латын қарпін tilqazyna.kz және latynqarp, tilqural.kz сайттарынан үйренуге болады. Бұл сайттарда латын қарпін үйренуге мүмкіндік жасайтын түрлі IT жобалар бар. Мобильдік қосымшалар да жасалған
6. Медициналық колледжде «Заманауи ғылымның басымдылықтары: болашақ-жастардың көзімен» атты қалалық конференция өтті. Онда қаламыздағы колледждерден жиналған 55 студент өздерінің ғылыми жобаларын қорғады. Жастар балқаштың экологиялық мәселелерін қозғап,оны шешу жолдарын ұсынды
7. 2 мыңнан аса балқаштық жүргізуші көлік салығын төлемеген. Темір тұлпар тізгіндеп жүргендер мемлекет қорына 12 миллион теңге қарыз. Енді жауапты мамандар салық төлеуден жалтарып жүргендерден сот орындаушылары арқылы ақшаны өндіріп алмақ
8. «Ветерок» хореографиялық ансамблі «үлгілі» деген атаққа лайықты екендерін дәлелдеу үшін шығармашылық кеш өткізді. Мәдениет сарайында өткен концертті қала басшысы мен депутаттар да тамашалады

__________________________

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login