Балқаш жаңалықтары 24.04.2019

1. Гүлшат кентінде күн электр станциясы ашылды. Жобаның жалпы құны 46 млн доллар. Бұл қаржыға 120 мыңнан аса күн панелі орнатылды. Күннен қуат алатын батареялар  сағатына 40 мегаватт электр энергиясын өндіреді. Бұл станция облыс бойынша екінші, ал республика бойынша ашылған жетінші жоба

2. Облыс әкімі Балқаш қаласына ат бұрып, медициналық колледж жатақханасына бас сұқты. Өткен жылы  ғимарат күрделі жөндеуден өткен болатын.

3. Өзіңізді сайлаушылар тізімінен тексеріңіз. Ол үшін облыс әкімдігінің сайтына кіріп, ЖСН немесе куәлік нөмерін енгізсеңіз болғаны. Қазір түгел елде 9 маусым күні өтетін Президенттік сайлауға дайындық басталды. Балқашта 56 мыңға жуық сайлаушы бар. Қазір олардың тізімін жасау, мекен-жай бойынша тіркеу, толықтыру жүргізілуде

4. Балқаштық кәсіпкерлер қазақтың ақ бас сиырының санын көбейтуде. Ақтоғай ауданына қарасты «Алтын Мирас Агро» шаруа қожалығы бүгінде 200 бас асыл тұқымды сиыр мен 60 жылқы оның  ішіндегі 10 шақтысы жабы жылқысы және 300-ге тарта еділбай қойын өсіріп отыр. Етті жануарлар мемлекеттік бағдарламаның көмегімен сатылып алынған

5. Қарағанды облыстық сотының төрағасы жұма күні балқаштықтарды қабылдайды. Облыстың бас судьясы тұрғындар сауалына жауап береді. Нұрсерік Шариповпен кездесу мәдениет сарайында өтеді. Облыстық сот төрағасы сот жүйесіндегі қайта жаңартылған жаңа тәртіптерді түсіндіріп, халық көкейіндегі сұрақтарға жауап береді. Қала тұрғындарымен кездесу 15:00 басталады

6. Еліміздегі әр 5-ші көлік әйелдерге тиесілі. Қазақстандық автобизнес қауымдастығының мәліметіне сүйенсек  жыл басынан бері елімізде 290 мыңға жуық жаңа көлік тіркелген. Солардың әрбір бесіншісі бұрымдылардың атына рәсімделген. Ал қазіргі қоғамда нәзік жандардың көлік жүргізгеніне қалай қарайды?

_________________________

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login