Балқаш жаңалықтары 23.04.2019

1.Қазақстанда президенттікке үміткер болатын алғашқы кандидаттардың есімі белгілі болды. Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының  атынан Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Ал президенттікке үміткер ретінде ең бірінші болып тіркелген Садыбек Түгел. Ол «Ұлы дала қырандары» Республикалық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің атынан ұсынылып отыр.

2. 2019 жылдың үш айында Балқаш қалалық соты 60 қылмыстық істі қарастырған. Азаматтық іс бойынша жүзден аса өтініш түскен. Қалалық сот қызметкерлері 1-ші тоқсан қорытындысын шығарды. Қаралымға түскен 60 қылмыстық істің бүгінде 29-ына сот үкімі шығарылды. 16  тоқтатылып, 1 прокурорға қайтарылған. 9 қылмыстық іс медиация бойынша шешілді. Ал азаматтық істер саны екі есе көп.  Соңғы үш айда қалалық сотқа 110 азаматтық іс түсіп, 1300-ден аса талап-арыз тіркелген. Жалпы жыл басынан бері 1492 азаматтық іс аяқталса, оның 500-і медиация тәртібімен шешілді. Ал «Виртуалды сот» жобасы бойынша онлайн режимде 5 азаматтық іс қаралған.

3. Жастар арасында кәсіпкерікті дамыту мақсатында қала әкімінің грантына байқау жарияланды. Биыл бизнес бастауға 7 млн тг бөлініп отыр. Өтініштер бизнес идеясы бар 28 жасқа дейінгі қала тұрғындарынан қабылданады. Үміткер жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болуы қажет. Екіншіден керекті соманың 10 пайызы өзінде болуы тиіс. Одан бөлек несие тарихы туралы анықтама және кәсіпкерлік негіздерін оқығаныңызды дәлелдейтін сертификат керек. Өтініштер 15 мамырға дейін қабылданады. Кейін қатысушылар комиссия алдында өз жобаларын қорғайды.

4. Жыл басынан бері балқаштық кәмелет жасына толмаған жеткіншектер екі қылмыстық іс жасаған. Жасөспірімдер ұрлау-тонау кезінде қолға түсті. Ал мұндай заң бұзушылықтың арты неге әкеліп соғады? Бұл сұрақтың жауабын ювенальды полиция қызметкерлері жастармен өткен кездесуде талқылады

5. Балқашта дүниеге келген сәбилер саны былтырғы жылмен салыстырғанда 19 балаға артқан. Өткен 2018-ші жылдың 3 айында 404 сәби дүние есігін ашса, биыл бұл көрсеткіш 423-ті көрсетіп отыр. Жыл басынан бері акушер дәрігерлер 215 ұлдың кіндігін кескен. Ал қыздар саны 208. Өткен жылы 2 егіз сәби дүниеге келсе, биыл 4 егіз өмір есігін ашқан

6. Балқаштық тұрғынның үйінде 100 ге жуық кітап бар. Ерлі-зайыпты Иван мен Клавдия түрлі туындыларды 55 жыл бойы жинаған. 23 сәуір — дүниежүзілік кітап күні. Осы датаға  байланысты, бүгін арна тілшілері Сахно отбасына барып, жанұяның кітапханасымен танысып қайтты.  Толығырақ бейнематериалда

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login