##i-vengo banner

Балқаш жаңалықтары 22.04.2019

  1. Балқаштан 30 шақырым қашықтықта «Мерседес спринтер» мен «ДАЗ» жүк көлігі соқтығысады. Салдарынан 34 және 21 жастағы қырғызстан азаматтары Балқаш қалалық ауруханасына жеткізілді. Екеуі де бас-ми жарақатын алған. Одан бөлек Алматы-Екатеринбург тас жолында тағы бір көлік апаты тіркелді. Балқаштан Қарағандыға барар жолда «Лада» көлігі жол шетіне аударылып кеткен. Салдарынан 37 жастағы әйел жарақат алып, орталық ауруханаға түсті.
  2. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын оқушыларға қалай жеткізу керек. Ұстаздар №16 мектепте өткен форумда осы сауалға жауап іздеді. Ұлы даладағы ежелгі металлургия, Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны, Ұлы Жібек жолы, Атқа міну мәдениеті, Аң стилі, Алтын адам, Түркі әлемінің бесігі. Бұл аталған дүниелер — Ұлы даланың жеті қыры болып саналады. Шарада пән мұғалімдері әр тақырыпты өз сабағымен байланыстыра отыра оқушыларға түсіндіру әдісін ұсынды.
  3. Жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз жүрген балқаштықтарды аспазшы және шаштаразшы мамандығын тегін оқуға шақырады. Одан өзге сылақшы, кран автокөлігін жүргізуші және автокөліктерді жөндейтін слесарь мамандықтарын оқуға болады. Курс қатысушыларына 3 ай бойы 16 мың теңгеден аса шәкіртақы төлеу қарастырылған. Барлық сұрақтар бойынша 6-50-70, 7-59-56 нөмірлеріне хабарласу керек
  4. Білім ордалары мен коммуналдық мекемелер 400 көшет сатып алған. Соның 150 мәдениет сарайының артындағы саябаққа отырғызылды. Оқушылар мен студенттер және коммуналдық қызметкерлер үйеңкі, қарағаш және терек талдарын екті. Алдағы күні жас талдардың қатары толығуы мүмкін. Бюджеттен қаражат бөлінсе, тағы 500 көшет сатып алу көзделген. Мамандардың сөзінше, биыл көшеттер сусыз қалмайды. Өйткені абаттандыру жұмыстары кезінде, саябаққа құбыр салынып, суару жүйесі тартылған.
  5. Балқашта саябақтар мен алаңдарды  күтіп ұстауға 24 млн теңге бөлінді. Тендрді жергілікті компания ұтып алған. Бүгінде көл жағалауында 9 мамыр-Ұлы жеңіс күніне дайындық жүргізілуде. Мердігер компания жұмыскерлері сырлау, ақтау, мәңгілік алауды қалыпқа келтіру жұмыстарын бастап кеткен. Одан бөлек жағалауды қоқыстан тазартады.
  6. Қаламызда ескі  балалар алаңын  қалпына келтіру эстафетасы кәсіпкерлер, депутаттар және кәсіпорын басшылары арасында қолдау тапты. Өткен аптаның соңында тағы 3 ойын алаңы жаңа кейіпке енді.  Бұл жолы «Эко челлендж» Шашубай м\а, Әлімжанов көшесінде және Балқаш станциясында жүргізілді
  7. Балқаштық оқушылар республикалық шығармашылық фестивальде топ жарды. Байқауда Нұрасыл Мадьяров және Аруана Малик  түсірген қысқа метражды фильм 1, 2 орынға лайық деп танылды. Шығармашылық фестивалі Қарағанды қаласында өтті. Онда 8 номинация бойынша 18 бейнеролик әділ қазылар алқасына ұсынылған.  Атаулары әлеуметтік жарнама, деректі фильм, анимация, киножурнал, ералаш,  музыкалы фильм және ойын киносы. Соңғы екі номинацияда балқаштықтар жеңімпаз атанды.

_______________________

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login