##i-vengo banner

Балқаштықтар аспазшы және шаштаразшы мамандығын игере алады

Балқаштықтар аспазшы және шаштаразшы мамандығын игере алады. Жұмыспен қамту орталығы қысқамерзімді тегін курсқа құжат қабылдауда. Жақында ғана жұмыссыз жүрген ерлер қауымына техникалық мамандықтарға курс ашылған болатын. Бүгінгі таңда электргазбен дәнекерлеуші және электромонтер болуға  35 балқаштық ниет білдірген. Олар 3 ай бойы Рақымжан Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінде білім алады. Оқукға құжат қабылдау әлі де жалғасуда. Ал, әйелдер қауымы биыл шаштаразшы және аспазшы кәсібін меңгере алады. Қайта оқыту курсын Қарағандыдан келген оқу орталығының мамандары жүргізеді. Қазір жұмыспен қамту орталығында ниет білдірушілерден өтініш қабылдау басталды. Оқуға тіркелгендерге  3 ай бойы ай сайын 16 мың теңгеден аса шәкіртақы төлеу қарастырылған.  Барлық сұрақтар бойынша 6-50-70, 7-59-56 нөміріне хабарласу керек.

Сымбат Бакирова – жұмыспен қамту орталығының маманы

«Әйелдерге арналған оқуды Қарағанды қаласынан «Аль Таир» оқу орталығы Балқашқа келіп, жүргізеді. Оқу мерзімі – 3 ай және шәкіртақы мөлшері 16 759 теңге. Құжаттар Балқаш қаласы, Уалиханов көшесі, 5, 13 кабинетте қабылданады»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login