Балқашта саябақтар мен алаңдарды күтіп ұстауға 24 млн теңге бөлінді

Балқашта   саябақтар мен алаңдарды  күтіп ұстауға 24 млн теңге бөлінді. Тендрді жергілікті компания ұтып алған. Бүгін де көл жағалауында 9 мамыр-Ұлы жеңіс күніне дайындық жүргізілуде. Мердігер компания жұмыскерлері сырлау, ақтау, мәңгілік алауды қалыпқа келтіру жұмыстарын бастап кеткен. Одан бөлек жағалауды қоқыстан тазартады. Мұндай жөндеу жұмыстары  қаланың барлық саябақтары мен аллеяларын да жүргізіледі. Оған бюджеттен 24 млн бөлініп отыр.

Нұрболат Бөлеген –  ТКШ бөлімі жетекшісінің м.а

Қазіргі таңда жағалауды қалпына келтіру жұмыстары басталды. Атап айтқанда, орындықтарды краскілеу, от жағатын алауды қалпына келтіру жұмыстары жалғасын табатын болады.Атап айтқанда, Астана алея, Тәуелсіздік алаңы,көл жағалауы, Бөкейханов көшесіндегі мини сквер осылардың барлығын күтіп ұстайтын болады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login