Балқашта 150-ден астам көшет отырғызылды

Балқашта мәдениет сарайының артындағы саябаққа 150-ден астам көшет  отырғызылды. Бүкіл әлемдік ағаш отырғызу күнінде  балқаштық жастар мен коммуналдық мекемелер тал егіп, игі іске ат салысты. Саябақта барлық мектеп оқушылары мен колледж студенттері жиналған. Әр білім ордасы өздерімен бірге отырғызатын көшеттерін алып келген. Балқаш гуманитарлық колледжінің болашақ технологтары сабақта алған білімдерін, бүгін іс жүзінде жүзеге асырды. Олар мұғалімдерімен бірге 20 үйеңкі ағашын отырғызды.

Динара Төрехан – Балқаш гумаинтарлық-техникалық колледжінің студенті: Бізге мұғалім үйретіп жатқандай отырғызып жатырмыз. Ағаш 50 метр тереңдікте болу қажет. Талды кейін өзіміз бақылап суарып жүреміз

Жалпы биыл білім ордалары 100,  ал  коммуналдық мекемелер өз есебінен 300 көшет сатып алған. Олар үйеңкі, терек және қарағаш. Өткен сенбіде сол 400 талдың 150-і мәдениет сарайының артындағы саябаққа егілді. Қалғаны келесі сенбілікте отырғызылмақ. Олардың саны толығуы мүмкін. Бюджеттен қаражат бөлінсе, тағы да 470 көшет сатып алу көзделуде.  Мамандар талдар биыл сусыз қалмайды деп уәде беріп отыр. Өйткені абаттандыру жұмыстары кезінде, мұнда құбырлар салынып,  суару жүйесі тартылған.

Нұрболат Бөлеген – ТКШ бөлімі жетекшісінің м.а:Сквердің суару жүйесі ауыстырлыған болған. Пластикке. Суару маусымы басталған кезде, қаншалықты жұмыс істейтінін анықтайтын боламыз. Қазіргі таңда жергілікті бюджеттен 470 тал алуға қаражат қарастырылған. Қазіргі таңда конкурстық процедуралар жүргізіліп жатыр»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login