Балқаш маңында шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысты

 Балқаш маңында шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысты. Екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға  жеткізілді. Жол апаты Алматы-Екатеринбург трассасының 614 км, түскі сағат 16:00 шамасында болған. Балқаштан 30 шақырым қашытықта мерседес спринтер мен Даз жүк көлігі соқтығысады. Салдарынан 2 адам зардап шекті. 34 және 21 жастағы Қырғызстан азаматтары Балқаш қалалық ауруханасына жеткізілді. Екеуі де бас-ми жарақатын алған. Одан да бөлек жарақаттары жетерлік.

Қуат Хайдаров –Қарағанды облысы ІІМ медицина және апат орталығының жетекшісі

21 жастағы науқастың бұғанасы және аяғы сынған. Екіншісінің сан сүйегіне зақым келген.

Одан бөлек Алматы-Екатеринбург тас жолында тағы бір көлік апаты тіркелді. Балқаштан Қарағандыға барар жолда лада көлігі жол шетіне аударылып кеткен. Салдарынан 37 жастағы әйел жарақат алып, орталық ауруханаға түсті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login