Биыл Балқашта 3 км-ден астам суару жүйесі жаңаланады

Биыл Балқашта 3 км-ден астам суару жүйесі жаңаланады. Құбырларды ауыстыруға қалалық бюджеттен 80 млн тг бөлініп отыр. Жөндеу жұмыстары белгіленген 14 аймақта жүргізіледі. Ішіндегі ең ұзын аумақ Жезқазған көшесінен Сары Арқа көшесіне дейін. Бұл аралықта  жасыл-желекті суаруға арналған 740 метр құбыр жаңасына ауыстырылады. Тізімге Уалиханов, Қараменде би, Ағыбай батыр секілді орталық көшелер және Сәбитова мен Шашубай м\а енген. Жаңаланатын құбырлардың диаметрі әр түрі. 76, 200, 510 миллиметрлі. Суару жүйесін ауыстыру ісімен жергілікті мердігер компания айналысады. Жұмыстар жоспар бойынша мамырдан басталып тамыз айында аяқталуы тиіс.

Надежда Шахова-«Балқаш Су» КМК өндірістік техникалық бөлім басшысы

«Бұл жобаның сметалық құны 80 млн тг. Бұл сомаға қаланың белгіленген аймақтарындағы суару жүйесі ауыстырылады. Әрі мердігер компания  құбыр салу кезінде алынған брусчаткаларды, бұзылған асфальт жабындысын қайта қалпына келтіреді.

Суару жүйесі ауыстырылатын аймақтар

Желтоқсан көш. Ленин көш дейін-450м

Береговая насостық станциясынан алғашқы құрылысшылар ескерткішіне дейін-300м

Бөкейханов көш. Сейфуллин көш дейін-700м

Байсейтова көш. 12 үй -20м

Уалиханов көш. орталық саябаққа дейін-240м

«Тәуелсіздік алаңы» -70м

№15 мектептен Қадыржанов көш дейін-190м

Қадыржанов/Ағыбай батыр көш қиылысы  №2 Абай мектебіне дейін -350м

Сабитова м\а №35, 36 үй-50м

Жезқазған көш №35 үйден  Сары Арқа көш  №25 үйге дейін-740м

Жезқазған көш №45 үйден Жезқазған көш №35 үйге дейін -373м

Жезқазған көш №35 үйден  дөңгелек ауыстыру орталығына дейін-40м

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login