Балқаштық студенттер қаламыздағы ескерткіштердің тарихымен танысты

Ертең түгел әлем халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күнін атап өтеді. Бұл дата мәдени мұраны сақтап қалу мақсатымен 1984 жылы бекітілген. Осы күнге орай бүгін мұражай қызметкерлері студенттерді Балқаштағы ескерткіштердің тарихымен таныстырды. Қызықты экскурссияда біздің түсірілім тобыда болып қайтты. И

Танымдық экскурсия шертпе күйдің шебері Мағауия Хамзиннің ескерткішінен басталды. Қазақстанның халық әртісі Рахманин, Чайковский, Огинский, Брамс секілді атақты композиторлардың классикалық шығармаларын  домбырада ойнаған. 1988 жылы “Қазақконцерт”  бірлестігінен  құрметті зейнет демалысына шыққаннан кейін, Мағауия Хамзин туған жері Балқашқа келіп, өзінің өнер мектебін ашып, көптеген шәкірттер тәрбиеледі. Ал 2001 жылы мәдениет сарайына күйшінің аты беріліп, 2007 жылы ескерткіші орнатылды.

Ал бұл ескерткіш 2001 жылдың 16 желтоқсанында  Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл толуына орай орнатылған. Стеланы Балқаш химия-металлургиялық комбинатының мамандары қалаға сый ретінде тарту еткен. Алдымен ол орталық алаңда орналасты. Ал 2007 жылы оның орнына қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен, әйгілі батыр, қолбасшы Ағыбай Қоңырбайұлының ескерткіші орнатылды. Авторы Жаубасар Қалиев монументтің 7 нұсқасын жасаған.

Аружан Төкен – политех колледжінің студенті

Өте қарқынды және өте қызықты күн болды деп есептеймін. Себебі біз көшелердің және тарихи ескерткіштердің таризын білдік. Олардың барлығы бізге үлкен информация. Ертең бізге болашаққа бағдар бере алады.

Одан кейін студенттер қаланың 75 жылдық мерейтойына орай орнатылған Қараменде би ескерткішіне барды. Қазіргі таңда қалада 25 ескерткіш бар. Оның төртеуі республикалық маңызға ие.

Дәулет Қожаков – қалалық мұражайдың аға ғылыми қызметкері

Шеберлер үйі, мысшылар сарайы, құрылысшылар сарайы, бақыт кафесі тұрған ғимараттар қорғауға тиісті архитектуралық ескерткіште қатарына жатады. Ерекше статусы бар.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login