Балқашта көл жағалауына тротуар қайта салынуда

Балқашта көл жағалауына тротуар қайта салынуда. Мамандар күн жылынған кезде жібіген жермен бірге төмен түсіп кеткен брусшаткаларды  қайта қалпына келтіруде. Айта кетейік былтыр күзде көл жағалауына  кәріз құбыры салынған болатын. Жауапты мердігер компания  канализация жүйесін жаңалау үшін бұрын төселген брусчаткаларды алуға мәжбүр болды. Желтоқсан айында  жөндеу жұмыстарын аяқтап,   қақаған қыста брусчаткаларды қайта төседі.  Алайда, күн жылынған кезде қиыршық тастар орнынын қозғалып, жібіген жермен бірге төмен түсіп кеткен болатын. Енді мердігер компания  көл жағалауын  өз қаражатына қайта қалпына келтіруде. Қазіргі таңда мамандар 6 мың шаршы метр жердің  4 мыңына бурсчатка төседі. Жұмыстар жоспар бойынша 1 мамырға дейін аяқталуы тиіс.

Бағдат Насыров-«Жібек жолы» ЖШС бригадирі

«Біз 3 бригада болып жұмыс істеудеміз.Жұмысқа 30 дан аса адам жұмылдырылған. Брусчаткаларды алып, жерті тегістеп қайта төсеп жатырмыз.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login