Балқаш жаңалықтары 16.04.2019

  1. Қарағанды тұрғыны тыйым уақытында бір тонна балықпен ұсталды. Еске сала кетейік, 15 сәуірден 31 мамырға дейін балық аулауға рұқсат жоқ.Табиғатты қорғау полициясы Шет ауданы маңында газель көлігін тоқтатқан.Тексеріс барысында  берш, ақ балық, жайын, сазан, көксерке және жыланбас балығы салынған 46 қап табылды. Заңсыз олжаның жалпы салмағы 1 тонна  120 келі. Қазіргі таңда бұл қылмыстық іске байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
  2. Балқашта жол жөндеу жұмыстары басталды. Биыл қаламызда 6 көшеге орташа жөндеу жасалады. Мамандар жұмысты Уалиханов көшесінен бастады. Рысқұлов пен Қараменде биге дейінгі аралықтың асфальті жаңаланады. Жол жөндеу жұмыстарын жергілікті мердігер компания жүргізуде. Мамандар 1 шақырымға жуық аралықтың жолын жөндеуге 1 ай уақыт жұсамақ
  3. Бейсенбі күні қалалық маслихат депутаттары қала тұрғындарымен  кездеседі. Жиында халық қалаулылары тұрғындардың сұрағына жауап беріп, қалада атқарылған істер жайында сөз қозғайды. Кездесудің қайда өтетіні жайлы толығырақ бейнематериалда
  4. Балқашта 400 ден  аса адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұл туралы партияның қалалық филиалының кезектен тыс 27-ші конференциясында айтылды. Жиынға партия мүшелері мен мемлекеттік қызметкерлер және «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қатысты
  5. Балқашта мектеп мұражайлары арасында сайыс өтті. Шараға барлық оқу ордалары қатысты. Сайыс барысында әр мектеп өз мұражайларын жарнамалап, видео түсіріп, презентация жасады
  6. Балқаш жастары өз күштерімен балалар алаңын қайта қалпына келтірді. Еріктілер керек-жарақтың барлығын сатып алып, алтыбақан, төбешік секілді ойын аттракциондарын бояп шықты. Студенттер мен оқушылар бұл акцияны челлендж деп жариялап, эстафетаны әрі қарай қала тұрғындарына жолдады

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login