##i-vengo banner

Қазақстандықтар аққан жұлдыздарды тамашалай алады

Қазақстандықтар 10 күн бойы аққан жұлдыздарды тамашалай алады. Көктемгі ең әдемі жұлдыз ағынын 16 –нан 25 сәуірге дейінгі аралықта көруге мүмкіндік бар.Ғалымдардың пікірінше, осы күндері жұлдыздар әдеттегіден ерекше жарқырайды. Соның ішінде ең жарық әрі ең көне метеор жауыны — Лирида. Ол 22 нен 23-не қараған түні ағып өтеді. Егер ауа-райы қолайлы болса аспан әлеміндегі тылсым құбылысты оптикалық құрылғылардың көмегінсіз де тамашалауға болады. Түнгі аспанда бір сағаттың ішінде 20 шақты метеорид құлайды деп күтілуде. Олардың жылдамдығы секундына 48 шақырым. Көбіне жұлдыз ағыны түннің екінші жарты бөлігінде немесе таңға қарай болады. Оны көру үшін түн тынық, қалада жарық сөндірулі болу керек. Аспанның солтүстік-шығыс бөлігінде жұлдыз ағыны айқын байқалмақ.

Виктор Тейфель – Астрофизикалық институттың ай және планеталар физика зертханасының жетекшісі

«Бұл құбылыс Күн системасындағы жойылған кометалардың орнынан қалған шаң-құм іспеттес. Ол Жер атмосферасымен шағылысқанда өте қатты жарқырайды. Біз оны аққан жұлдыз есебінде көреміз, бірақ ол ешқандайда аққан жұлдыз емес »

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login