Балқаш жаңалықтары 15.04.2019

  1. Қарағанды – Балқаш тас жолында жоғалған ер адамның денесі табылды. Естеріңізге сала кетейік, 32 жастағы Дмитрий Чесноков былтыр 27 желтоқсан күні Қарағандыға бару үшін Балқаштан автобусқа отырған. Содан қоғамдық көлік Ақсу-Аюлыға аялдайды. Осы кезде, теміртаулық азамат басқа жолаушылармен бірге автобустан түсіп,  қайтып оралмаған. Бүгінге дейін ол іздеуде болды. Оны Ақсу-Аюлы елді мекенінен 5 шақырым жерден жергілікті полиция қызметкерлері тапқан.  Қалтасында құжаттары мен әмияны болған
  2. Балқашта 3 күннің ішінде 25 мотоцикл жүргізушісіне айыппұл салынды. Полицейлер екі дөңгелекті көлік иелерін тексеру үшін, рейдке шықты.Байкерлерді жіті қадағалау үш күнге жалғасты
  3. Балқаш көлінде 15 сәуірден бастап балық аулауға тыйым салынады. Шектеу 1 маусымға дейін созылады. Қазір уылдырық шашу кезеңі басталды. Соған байланысты көлге тіпті қайықпен, аумен, қармақпен шығуға тыйым салынып отыр. Заң бұзғандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады
  4. Балқашта саяжай маусымы басталды. Қазір саяжайшылар жер қопсытып, көкеністер мен жеміс-жидектерді егу жұмыстарын қолға алған. Біздің кейіпкеріміз жеміс ағаштары мен раушан гүлін отырғызудың білгірі. 10 жылдан бері көшет отырғызудың қыр –сырын зерттеп келеді. Толығырақ бейнематериалда
  5. Балқаштық футболшылар футзалдан өткен облыстық біріншіліктен күміс жүлдемен оралды. Демалыс күндері Қарағандыда турнирдің шешуші ойыны өтті. Финалда балқаштықтар қарағандылық «220 вольт» командасымен кездесті. Алғашында  балқаштық «Достық»  командасы есеп ашқанымен ойын соңында 7:3 есебімен қарағандылықтар басым түсті. Балқаштықтар күміс жүлдеге ие болып, қола жүлде банк қызметкерлерінің құрамасына бұйырды

_____________________________

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login