Балқаш жаңалықтары 10.04.2019

1.Балқашта келесі апта жылу маусымы аяқталады. Мамандар ауа райының жылынып, сынап бағанасының + 8 градусқа жетуіне байланысты жылу жүйесін 15 сәуір күні тоқтатпақ. Артынша мамандар бірден келесі маусымға дайындала бастайды. Бірінші кезекте құбыр желілерін тексерістен өткізеді. Соған байланысты қалада 15 күн ыстық су болмайды. Еске сала кетейік, жылу беру маусымы өткен жылдың 10 қазанында басталған болатын.

2. Балқашта қызылшаға қарсы екпе басталды.  Вакцина 9 ай мен  6 жастағы  балаларға және медицина қызметкерлеріне  салынады. Иммундау шарасын өткізу үшін Балқашқа екі мың дана вакцина жеткізілген.  Тақырыпты тілшіміз толықтырады.

3. Балқашта  заңдастырылмаған қаруларды сатып алу акциясы басталды. Тіркеуден өтпеген қаруын ІІБ өз еркімен тапсырған тұрғындар ешқандай жауапкершілікке тартылмайды. Керсінше 22 мынан 126 мың теңгеге дейін ақшалай сыймен марапатталады.

4. 11 сәуір Балқаш қаласының туған күні. 1937 жылы Прибалхашстрой кентіне қала атағы берілген.  Міне содан бері 82 жыл өтті. Бұған дейінгі жаңалықтарда қазыналы қарттар шаһардың қалай бой көтергенін әңгімелеген еді. Ал соңғы жылдары Балқаш қаншалықты көркейді? Бұл сауалға қарапайым  қала тұрғындары жауап берді

5.Балқаштық боксшы Болгарияда чемпион атанды. 15 жастағы Ерасыл Ермек Болгарияда өткен халықаралық жарыста Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетті. Шаршы алаңда ол 3 кездесу өткізген. Үндістаннан келген алғашқы қарсыласын 5:0 есебімен жеңсе, жартылай финалда Швейцариялық спортшыдан ұпай саны бойынша басым түскен. Ал ақтық сында жерлесіміз отандасымен жұдырықтасады. Нәтижесінде қарсыласын 5:0 есебімен жеңіп, 57 келі салмақта чемпион атанды.

6.Шуақты көктем мезгілі келіп жетісімен барша қыз-келіншектер мен ерлер қауымы  артық салмақтан арылып, дене бітімін қалыпқа келтіруге тырысады. Бұл ретте жаттығу залдары таптырмас құрал. Ал қаламызда спорттық кешендер саны жыл санап артып келеді. Ал онда барып жаттығу үшін қанша қаржы кетеді? Ол жайында толығырақ бейнематериалда

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login