Балқаш жаңалықтары 08.04.2019

1. Мотоциклден құлап, жансақтау бөліміне түскен 32 жастағы жүргізуші палатаға ауыстырылды. Қазір оның жағдайы қалыпты. Еске сала кетейік, оқыс оқиға 3 сәуір күні кешкі 7:30-дар шамасында Бөкейханов көшесінде болды. Жолаушысы бар мотоцикл жүргізушісі Сейфуллин көшесімен жоғары көтерілмек болады. Куәгерлердің айтуынша, байкер жол жиегіндегі үйінді құмға кіріп кетіп, рөлге ие бола алмай , жерге құлаған.

2.Балқашта соңғы үш айда 70-ке жуық тұрғын мүмкіндігі шектеулі жандардың қатарына қосылды. Ал, былтыр 300 адам есепке алынған. Оның 30-ы бала. Біздің журналистер мүмкіндігі шектеулі жандарды есепке алу ережесін  және мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетілетінін біліп қайтты. Толығырақ бейнематериалда

3. Екі күннің ішінде балқаштық полицейлерге 80 адам жүгінді. Қалада  «Жолда қабылдау» акциясы өтті. Бұл шарада ІІБ басшылары түрлі сұрақпен келген тұрғындарды далада қабылдап, сауалдарына жауап берді

4 .Бизнесмен, меценант Ерлан Нығматуллин Балқаштағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сый жасады. Әр балаға смартфон, спорттық аспалы сөмке және түрлі тәтті-дәмді тарту етті. Қазіргі таңда балалар үйінде 7-16 жас аралығындағы 17 бала тәрбиеленуде. Сенбі күні Ерлан Нығматуллин оларды үлкен қуанышқа бөледі. Әр балаға смартфон және спорттық аспалы сөмке сыйлады. Одан бөлек өзімен қоса түрлі тәтті-дәмді ала келген. Құрметті қонаққа балалар да сый тарту етті. Облыстық конкурстың қатысушысы 9 жастағы Кристина Алесеенко рояльда музыкалық шығарма орындады. Бұл аспапты өткен жылы Ерлан Нығматуллин балалар үйіне сыйлаған болатын.

5. Балқаштықтар емханаға бармай-ақ, денсаулықтарын тексертті. «Рухани жаңғыру» жастар орталығында қаламыздың ақ халаттылары тұрғындардың қант, холестерин мөлшері мен қан қысымын тексерді.

6. Балқаштықтар ең үздік отбасын таңдайды. Шаһарымызда  «Мерейлі  отбасы» байқауына өтініш қабылдау басталды. Конкурс қалалық, аймақтық, ұлттық кезең болып 3 ке бөлінеді.  Алғашқы турға өтінімдер 30 cәуірге дейін қабылданады. Бұл байқауға еңбекте, спортта, өнерде жетістікке жеткен отбасылар қатыса алады.

7. Балқаш қаласында сенбілік маусымы басталды. Өткен аптада мекемелер мен мектептер алғашқы тазалық шарасына шықты. Саябақтар мен оқу орындарының ауласын қыстан қалған қоқыстан тазартты.  «Таза бейсенбіліктер» мен сенбіліктер 2 ай бойы 10 маусымға дейін  өткізіледі.  Шаһарымыздың барлық аумағын қар астында қалған қалдықтан тазартуға түгел қала жұмылдырылады.  Шараға оқу орындары, кәсіпорындар, мекемелер, жеке ұйымдар атсалысады.

8.Қала күніне орай «Балқаш тарихы» айдарымызды одан әрі жалғастырамыз. Қала құрылысына атсалысқан 80 жастағы Сәбит Мұсатаев қаланың даму тарихын әңгімелейді. Құрылысшы — инженер сіз бен біз біле бермейтін біраз мәліметтермен бөлісті

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login