Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өтеді

9 маусым күні Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев хабарлады. Республикалық телеарналар арқылы халыққа үндеу жолдаған Президент бұл шешімнің Елбасымен, Парламенттің қос палатасымен және Конституциялық кеңеспен ақылдаса отыра қабылданғанын жеткізді.

Айта кетейік Қазақстанда соңғы рет кезектен тыс сайлау 2015 жылы 26 сәуірде өтті. Ол кезде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 97.7 пайыз дауыс жинап жеңіске жеткен еді.  Одан кейінгі кезекті сайлау 2020 жылдың сәуір айына дейін белгіленген болатын. Алайда қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен бұл дата 2019 жылдың 9 маусымына ауыстырылды. Яғни бұл күні қазақ елінде кезектен тыс Президенттік сайлау өтеді.

Заң бойынша сайлау өтетіндігі жайлы ақпарат жарияланған соң ертесінде үміткерлерді тіркеу басталады. Бұл шара сайлауға 2 ай қалғанда жергілікті уақыт бойынша 18:00 де аяқталады. Президент болам деушілерге қойылатын талапқа тоқталсақ. Кандидат жасы 40 қа толған, жоғары білімді, туғалы бері Қазақстан азаматы болуы тиіс. Әрі мемлекеттік тілді еркін меңгеруі қажет. Одан бөлек  соңғы 15 жылда ҚР аймағында тұруы міндет.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login